Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет85/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 

Үшінші топқа жататын белгілері,

туыстық қатынасты сипаттайтын (ҚК-тің 136-137 баптар), 

қызметтік және басқа да субьектінің жәбірленушіге тәуелді қатынастары (ҚК-тің 
119 бап) 
Қылмыс субьектісінің қосымша белгілерінің келесі қылмыстық-құқықтық мәні 
болады: 
1) қылмыс құрамына сәйкес сындарлы (конструктивный) белгілері, яғни қылмысты 
саралау үшін міндетті болып табылады; 
2) ауырлататын мән-жайларымен қылмыс құрамының сараланған белгілері болып 
табылады; 
3) қосымша белгілері болып табылады және жаза тағайындау бойынша сотпен 
ескеріледі. 
3.2.2 Сыбайлас жемқорлықты факторлардың әсерінен жеке тұлға қасиетінің құрылу 
ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесін қалыптастыру үшін ең 
алдымен қазіргі заманғы жағдайларда оның көріністеріне ықпал ететін негізгі 
факторларды айқындау қажет. 
Оның ішінде қазіргі уақытта неғұрлым өзектісі біріншіден, олардың нормалары 
құқық қолдану кезінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасауға көбіне жағдайлар 
жасайтын салалық заңдардың жетілдірілмеуі болып табылады. 
Құқықтанудың қыр-сырын білмейтін азаматтар үшін практикада мұндай заңдардың 
ережелерін дұрыс түсіну мен тиісінше ұғыну қиынға соғады. 
Екіншіден, мемлекеттік және корпоративтік басқару ашықтығының жеткіліксіз болуы. 
Басқарушы шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестері, оның ішінде азаматтардың 
құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер туралы сөз болған жағдайларда әлі 
де ең жабық процестердің бірі болып қалуда. 
Үшіншіден, лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кездегі 
халықпен тікелей байланысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сақталуда. 
Төртіншіден, халықтың, оның ішінде мемлекеттік сектор қызметшілерінің өздерінің 
құқықтық мәдениетінің деңгейі әлі де төмен, бұл арам пиғылды қызметкерлерге оны 
пайдакүнемдік, құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. 
Бесіншіден, азаматтар мінез-құлығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін және 
сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бойынша 
кешенді және мақсатты ақпараттық жұмыстың болмауы. 
Алтыншыдан, мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының еңбекақысының 
және мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіз деңгейі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет