Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет31/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк 
құжаттардан;
3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен;
4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе 
иемдену нәтижесiнде;
5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және 
интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде;
6) басқа жаққа зиян келтiру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз 
сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;
8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар 
салдарынан пайда болады. 
3. Азаматтық құқықтың объектілері. Заттар түрлері
Заттар — азаматтық құкық қатынастарының объектілері. Азаматтық құқык 
катынастарының объектілері деп заттарды (мүлік және мүліктік құкық), жұмыс пен 
қызметті, акпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер (мәселен атау) мен 
интеллектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын 
айтамыз. Осы объектілерде күқық қатынастарына катысушылардың мүдделері тоғысады 
және де бұл объектілердің құкық қатынастарындағы тағдыры шешіледі. Әдетге, азаматтык 
құқык объектілерінің шенбері айнымалы келеді. Жалпы алғанда, азаматтык кұқык 
катынастарьның объектілерінің негізгі бөлігін заттар күрайды.
Зат деп материалдық әлемнің кез келген объектісін айтамыз. Заттардың заңдык 
тағдырында оның сапасы мен құқылық мәртебесі елеулі орын алады. Сондықтан да 
азаматтық қүкықта заттарды саралаудың (классификациялау) алуан түрі кездеседі. Заттар 
азаматгык айналымдағы қатысына орай шектеулі айналым қабілеттігіне байланысты 
азаматтық, айналымнан шығарылмаган және азаматтық айналымнан шығарылган деп 
бөлінеді.
Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде 
бере алады, сөйтіп, ол ешқандай шектеусіз қолдан колға өте береді. Мұндай заттар 
азаматтык айналымға емін-еркін катысады. Айналым қабілеттілігі шектелген заттар 
азаматтық айналымға қатысушылардың белгілі бір белігіне қатысты, немесе айналымы 
ерекше тәртіппен жүзеге асады. Осы объектілердің шенбері заңмен айкындалады. Оған у, 
қару-жарақ, оқ-дөрі, қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи 
ескерткіштер, тағы баскалары жатады. 
Азаматтық заң кейбір заттарды азаматтық аиналымнан шығарып тастайды. Өйткені, 
оның өзі мемлекеттің немесе баска тұлғалардың өзгеге беруге болмайтын жеке дара 
меншігі болып табылады. Қазіргі кезде оған мысал ретінде орман, су және басқа бір қатар 
объектілерді жаткызуға болады. 
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп белгідейді. Бөлінетін заттар бөлінген 
күннің өзінде тұтынушылык қасиетінен, бастапқы сапасынан айырылмайды. Бөлінбейтін 
затгарды бөлсеңіз пайдаға аспай қалады.
Заттар құкык катынастарында жекеше белгіленген және тектес қасиеттеріне қарай 
белгіленетін заттар деп бөлінеді. Заттар жеке белгілеріне қарап, немесе бүтін бір тобына, 
басқаларына тектесуіне карап бөлінеді. Бірінші жағдайда жекеше белгіленген заттар деп, 
екінші жағдайда тектес қасиеттеріне қарай белгіленген заттар деп атайды. Жекеше 
белгіленгені тек баскасына емес, тек сол заттың өзіне тән.
Заттар қозғалмалы және қозгалмайтын болып бөлінеді. Оның қозғалмайтынына 
жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері, учаске қойнауы, көпжылдық өсімдіктер, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет