Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының



Pdf көрінісі
бет29/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   132
6 тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының 
негіздері.
 
Дәрістің мақсаты: Азаматтық және отбасы құқығының ұғымын, азаматтық құқықтың 
субъектілерін, объектілерін, азаматтық құқық қатынастарының пайда болу, өзгеру және 
тоқтату негіздерін, меншік құқығын, меншік құқығын алу және тоқтату негіздерін, меншік 
құқығының қорғалуын түсіндіру болып табылады. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Жоспар: 
1.Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері (2-тарау).
2.Азаматтық құқық қатынастарының пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері (7-
бап). 
3.Азаматтық құқықтың объектілері (3 тарау). Заттар түрлері.
4.Меншік құқығы. Меншік құқығын алу және тоқтату негіздері. Меншік құқығын 
қорғау (2-бөлім 8,13,14,15-тарау)
5.Мәмілелер ұғымы, нысандары мен түрлері. Жарамсыз мәмілелер (4 тарау).
 Кілтті сөздер: неке, мәміле, заңды тұлғалар, заңды фактілер.
1. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері
Азаматтық құқық – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның 
әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекетімен ажырамас 
байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы. 
Тауар-ақша, ұатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты 
жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. 
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің бipiнe, 
құқықтық нормалардын ыкпалына ұшырайтын муліктік қатынастар жатады. Материалды 
игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы кағаздармен, т.б. 
мүліктермен) байланысты коғамдык қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. 
Мүліктік катынастар мүліке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, 
азаматтық заңнамалардың ic-әрекетіне бағынады.
Мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру 
барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, 
сату немесе тауар-акша қатынастарына айналады. Сондыктан нарық жагдайында тауар-
акша қатынастары азаматтық құқыктық реттеудің негізгі объектісі болады. 
Азаматттық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бipre жеке мүліктік емес 
катынастарды да реттейді. Қазакстан Республикасының азаматтық заңнамалары екі түрлі 
жеке мүліктік емес қатынастарды: 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2) 
мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді. 
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық 
сиякты катынастар жатады. Мысалы, бip ұйымның екінші бip заңды тұлғаның тауарлы 
белгісін пайдалануы, сонғысына зиян келтірyi, атына кip келтіруі мүмкін.
Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, баска 
фактілердің, баска субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны 
болмайтын, акшалай бағалауға келмейтін, жеке және занды тұлғалардан айырмайтын 
игіліктерге байланысты туындайды. 
Азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, 
меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбырлықпен 
араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, 
нұқсан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн, оларды соттың қорғауын 
қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз 
мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негiзiнде 
өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтiн 
кез келген жағдайларын белгiлеуде ерiктi.
Тауарлар, қызмет және ақша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында емiн-
еркiн орын ауыстырып және айналысқа түсiп отырады. Егер қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет