Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет68/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Қылмыстық үрдіске сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, 
маман, сот приставы сияқты өзге де адамдар қатыса алады. 
Сұрақтар: 
1. Іс жүргізу құқығының құрамына не кіреді? 
2. Құқық қорғау органдарына қандай органдар жатады? 
3. Соттардың негізгі міндеті қандай? 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 
2.ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі 
3.Құқық негіздері: Оқу құралы / Б.Ө. Алтынбасовтың редакциялығымен. – Астана, 
«Мастер По» ЖШС, 2012. -336 б. 
Тақырып №12 «Сыбайлас жемқорлық» ұғымының теориялық-методологиялық 
негіздері 
Дәрістің мақсаты: «Сыбайлас жемқорлық» ұғымын, оның тарихи дамуын,
әлеуметке қарсы құбылыс екендігін, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясын,
сыбайлас жемқорлықтың трансформациясын түсіндіру болып табылады. 
Жоспар: 
1.1 «Сыбайлас жемқорлық» ұғымының тарихи дамуы
1.2 «Сыбайлас жемқорлық» ұғымы әлеуметке қарсы құбылыс ретінде
1.3 Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы
1.4 Қазіргі мемлекеттердегі сыбайлас жемқорлықтың трансформациясы
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, тарихи даму кезеңдер, әлеуметке қарсы 
құбылыс, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы, сыбайлас жемқорлықтың 
трансформациясы. 
1.1 «Сыбайлас жемқорлық» ұғымының тарихи дамуы
Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға 
сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік 
береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда 
“сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, 
құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, 
лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Ал енді сыбайлас жемқорлықтың даму тарихына келетін болсақ, ол ежелгі кезеңнен 
бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар 
тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де 
тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан.
Көне заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық қоғамдарда 
абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың көрсеткен көмегі, қызметі үшін 
төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім. Жоғары шенде тұрған 
басшылар қарамағындағы төменгі шендегі қызметкерлердің белгіленген бір төлемақыға 
риза болғанын талап ете бастады, яғни олар белгілі бір көлемде жалақы алатын болды. Ал 
төменгі шендегі қызметкерлер лауазымдық міндеттерін орындау барысында көрсеткен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет