Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет65/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қымысты жасайтын қару 
немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмыстың 
жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылады. Сондай – ақ көмектесуші 
ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстың 
ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға, сол сияқты осындай заттарды 
сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уде береді. 
4. Қылмыс жасау сатылары. 
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. 
Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяталған 
қылмыс. 
Қылмысқа дайындалу – бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеу, 
дайындау немесе ыңғайлауы, бірге қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға сөз 
байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер 
қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән – жайларға байланысты аяғына дейін 
жеткізілмесе. 
Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы мүмкін: қаруды заңға сәйкес 
сатып алу, сыйлық ретінде алу,немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, 
кілттерді және т.б. ұрлау. 
Дайындау – бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың 
жартылай фабрикаттарын жасау. 
Бейімдеу – заттарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады 
(мысалы, кілттің түрін өзгерту). 
Қылмыс жасауға оқталу деп – адамның еркінен тыс мән – жайларға байанысты, 
аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған 
қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады. 
Аяталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері 
болса, онда қылмыс аяталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар бегілі бір қоғамға 
қауіпті жағдай туғызғанда ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың 
материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп 
есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). 
Сұрақтар: 
1. «аяу » және «мерзімінен бұрын бостандыққа жіберу» нені білдіреді 
2. Жаза беру және оның мақсаты 
4.Жаза берудің мақсаты және тәртібі қандай 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық.. Жалпы бөлім: Оқулық.. - Алматы: Жеті жарғы, 
1999. 
2.Алауханов Е. Қылмыстық құқық (ерекше бөлім): Оқу құралы.- Алматы: Жеті 
жарғы, 2001. 
3.«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi» Қазақстан Республикасының 
1997 жылғы 16 шiлдедегi № 167 Кодексi (өзгерт.мен толық. 2015 жылғы). 
4.Құқық негіздері: Оқу құралы / Б.Ө. Алтынбасовтың редакциялығымен. – Астана, 
«Мастер По» ЖШС, 2012. -336 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет