Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет93/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін 
құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсаттардың 
жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік 
құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң 
нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен 
арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға 
тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға 
немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай 
баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.
Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық 
сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық 
санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі 
ретінде, адамгершілік санамен қатынастары - ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, 
құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. 
Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық 
туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы 
беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің 
басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық 
жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен 
конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, 
ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болады. Түрлі елдер 
мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан. 
Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық 
сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші 
болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін.
Мысалы, АҚШ-тың негізін қалаушылардың озық құқықтық санасының Солтүстік 
Америкадағы қоғамдық процестерді демократияға, бостандық пен гүлденуге қалай 
ілгерілеткені мәлім. Адам мен азамат құқықтарының, заң үстемдігінің, билікті бөлісудің, 
тәуелсіз сот әділдігінің идеялары өмірде орнықты, олар осыдан екі жүз жылдан астам 
уақыт бұрын Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған 
болатын және олар дүниежүзілік құқықтық санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан 
жоқ. Және басқа бір, неғұрлым жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы қалыптасқан 
әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын зейнетақы құқығының дүниежүзілік 
практикасы негізінде ортақ зейнетақылық құқық қатынастарын толғағы жеткен 
реформалаудағы жанталаса “қарсылық көрсетті”.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет