Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Құқықтық сана- сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму
ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды. Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан қызбалықпен,
тіпті есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға тән психикамен байланысты. Ол құқықтық
санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа және құқықтық шындыққа көзқарас бейнелетін
сезім, көңіл-күйі, сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл
жасалған қылмыс жөнінде ашынушылық және оның құрбанына жаны ашушылық, әділ
сот үкіміне қанағаттану сезімі; қылмыстық жазадан қорқу немесе Конституцияны
құрметтеу болуы мүмкін.
Құқықтық сезімдер, көңіл-күй көп жағдайда әлеуметтік ортаның, жеке адамның
тікелей араласатын ортасының ықпалының әсерімен қалыптасатынын ескеру керек.
Көптеген социологиялық зерттеулерде адамның белгілі бір ортада болғанда, өзі басқа
адамдармен байланыс жасамаған кездегіге қарағанда, көбінесе мүлде өзгеше сезініп,
ойлап, әрекет жасайтыны атап өтілген. Жеке адамның құқықтық санасының деңгейімен
ерекшеліктерін анықтау үшін оның отбасының, ұжымының, бейресми араласатын
топтарының және тиісті әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік-құнды бағдарын білу қажет
болатыны сондықтан.
Құқықтық сананың құбылмалы элементі көңіл-күйі болып табылады, өйткені ол
өзгеріп отырады, құқықтық идеяларды таратудың көмегімен иландыру мен көтермелеуге
сәйкес келетін саналы әсерге бейім болуы мүмкін.
Адамдардың дағдысына, олардың тұрмыс-салтына енетін нәрсе құқықтық сананың
белгілі-бір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға байланысты тұрақты элементтерін
айқындайды. Қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік, сондай-ақ азаматтық құқықта
сол заңдарға қоғамдық құқықтық сана арқылы және оны мақұлдауымен адамдардың әдет-
ғұрпымен сенгізілген кінәден арылу туралы, зиянды жуып-шаю туралы, моральдық
нұқсанның орнын толтыру туралы ережелер кездесетіні анық.
Құқықтық санадағы дәнекер элемент- жеке адамның өз әрекеттерінің заңдылығын
өзінің бағалауы. Өздерінің ниетін, мотивтері мен қылықтарын сын көзбен және дер
кезінде бағалай білу оның адам мінез-құлқындағы реттеуіштік, алдын алушылық, немесе,
керісінше, белсендіруішілік рөлін айқындайды. Өзін-өзі бағалау өзінің заңды әрекеттеріне
қанағаттану немесе істелген істері үшін ұялу, өкіну сезімінен көрінуі мүмкін. Адам
ожданының көрінісі ретінде ұялу, опыну оның мінез-құлқындағы құқықтық ауытқуды
тежей алады. Жеке адамның құқықтық психологиясында ішкі өзін-өзі бағалау дағдысын
қалыптастыру- жеке адамды құқықтық тәрбиелеудің және жалпы әлеуметтендіру
процесінің міндеті.