Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата15.11.2023
өлшемі0,6 Mb.
#123713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
15 
Сөзжасамдық ұя құрамында негізі түбірлерден және туынды түбірлерден 
жасалған 
туынды 
сөздердің 
болуы 
сөзжасамдық 
ұяға 
қатысты 
анықтамалардың түрлі болуына әкелді. Қазіргі әдебиеттерде берілген 
анықтамаларға тоқталсақ,
Анықтамаларда 
Негіз сөзден тараған 
Бір түбірден тараған 
Түп негіз сөзден кейін орналасқан 
Деген тірек сөздер кездеседі. Сонда әрбір ғалымның нені, қай мағынаны 
тірек етіп алғандығын көреміз. 
Сөзжасам 
мәселелеріне 
арналған 
еңбектерде, 
мақалаларда 
(Е.Жанпейісов, С.Нұрқанов т.б.) сөзжасамдық ұя сөзжасамды құрайтын 
бөлшектің бірі ретінде сөз етіледі. 
Анықтамалар 
І. Сөзжасамдық ұя анықтаманы Н.Оралбаева «Сөзжасамдық ұя деген бір 
негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы аталады».
(Н.Оралбаева «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» ) 
ІІ. А.Салқынбайға қатысты. Сөзжасамдық ұя – жаңа сөзжасамға негіз 
болып, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын, бір семантикалық өрісте 
жататын сөздердің жиынтығы (А.салқынбай «Тарихи сөзжасам» 307 бет) 
ІІІ. «Сөзжасамдық жұптар жиынтығы» деген анықтаманы орыс тіл 
білімінде А.Н.Тихонов деген автордың пікірінше негіз бен туынды сөзден
сөзжасамдық жұп, тізбек және тарамдардан құралады. 
Әрбір сөзжасамдық ұяға негіз болған түбірлердің сөзжасамдық 
қатынасты қамтамасыз етуі яғни туынды сөздің мүмкіншілігі сөзжасамдық 
ұядан көрінеді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бір «бас» сөзінен 143 туынды 
сөз тараған, бас, бастық, басын, басқы, басқар, басшы, басым сияқты 6-7 
туынды сөзден, 137 сөз жасалған. Мұнда тек сөзжасамдық жұрнақ арқылы 
туындаған туынды сөздер туралы сөз болып отыр. Сонда бас сөзінен тараған 
туындылардың бәрі: бір сөзжасамдық ұяға жатады. Зерттеуші Н.Қоқышева 
дене атауларына қатысты 24 түбір сөзден: бас, кеуде, қол, табан, қарын, іш, 
арқа, аяқ, кіндік, иық, ауыз, тіл, тізе, мойын, мұрын, көз, тіс, құлақ 774 туынды 
сөз жасалатынын дәлелдеген. 
Сөзжасамдық ұя белгісі:
1.
Әр ұяның өзіндік түбірлес сөздері болады. 
2.
Сөзжасамдық ұя бір түрлі түбірлес сөздерден тұрады. 
3.
Түбірлес сөздерге негіз болған түп негіз, ұя қазығы сөз 
болуға тиісті. 
4.
Тілде қанша СҰ болса, сонша түбірлер сөздердің түрлері 
болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет