Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата15.11.2023
өлшемі0,6 Mb.
#123713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
18 
нәтижесі ал 1-сатының негізді сөзінен 2-саты басталады. Сөзжасамдық 
сатының сөзжасамдық жұпқа қатысы бар, себебі ол негіз бен туындыдан 
тұрады. 
Сөзжасамдық ұяда сатыны көлденең және тігінен сипаттайды. Демек, 
сөзжасамдық сатының сөзжасам ұясындағы бар бірліктерге қатысы бар. 
Мысалы, көлденең сипатталғанда сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тізбекпен 
байланысты мұнда олардың мағыналық қатынасы бір ізді мағыналық қатынас.
Сөзжасамдық тізбек бірнеше сатыдан құралса, ұяның соңғы сатысындағы 
туынды сөздер соңғы сатыға дейінгі мүшелер өзіне дейінгі, өзінен кейінгі 
сөзбен екі жақты мағыналық қатыста болады. 
Егер сөзжасамдық тізбек бір сөзжасамдық сатыдан ғана құрылса, ол тек 
түбірмен, өзіне дейінгі сөзбен бір жақты мағыналық қатыста болады. 
Зерттеушілер бірінші сатыдағы сөздердің сөзжасамдық қабілеті басым 
деп есептейді. Мысалы: Н.Қоқышева мәліметі бойынша 24 түп негіз дене 
мүшелері атауынан бірінші сатыда 466 сөз туындаған. Саты көбінесе сөз табы 
сөзжасамның орны деп есептеледі. Мысалы 1 сатыда туындаған 466 сөздің 299 
туынды зат есім (48-жұрнақ арқылы, 94 сөзқосым арқылы, 78 тіркес арқылы, 
37-қосарлау арқылы, 22-конвер арқылы сөзжасамдық мағынасы бар. 
етістік 
туынды үстеу 
Мысалы: Тілші, тілше, тілшік, тілдік, тілді, тілсіз,ғ тілде, тілдес, тілмаш, 
құлақша, елбасы, кіндік шеше, қарын бөле, бел құда т.б. сөздерде ІІ сатыда тік 
қатардан сипаттағанда, оған ұяның барлық тізбегінің әр сатыдағы сөзі кіреді 
деп көрсетеді. 
Осындай талдаулар нәтиждесі қазақ тіліндегі түбір сөздердің 
сөзжасамдық қабілеті сөзжасамдық саты бойынша тізілсе, түсіндірме 
сөздіктегі сөз қорының саны көбірек болар еді деген ойға жетелейді. 
1980 жылы шыққан «Русская грамматика» атты академиялық грамматикада 
төмендегідей анықтама береді: «Словообразовательная цепочка — это ряд 
однокоренных слов, находящихся в отношениях последовательной 
мотивированности». 
1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда 
сөзжасамдық тізбек термині алғаш ғылыми айналымға түскен. «Бір түбірден 
тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді 
сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп аталады» (ҚҚТСЖ). 
«Сөзжасамдық тізбек - сөзжасамдық бір ұяның негізінде жасалған, бірінен-
бірі тікелей туындатын жаңа мағынаны туынды сөздердің тізбегі. Сөзжасамдық 
әр тізбек негіз сөзден басталып, негізді сөзбен аяқталады. Сөзжасамдық тізбек 
біріне-бірі негіз болатын бір негізді сөздердің тобы» (лингв, түсін. сөздік 206-
6.). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет