Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет120/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
бекітілген жасқа жеткен (ережеге сай 14-16 жас) және өз істеріне есеп беруге, өз 
әрекеттерін басқаруға қабілетті тұлғалардың іс-әрекеті. Осылайша, құқық бұзушылық 
ақыл-оймен әрекет ететін адамның еркінің байқалуымен сипатталады. Жасы 
толмағандардың заңмен қарастырылған қоғамдық зиянды әрекеттеріне қажетті қадағалау 
мен тәрбиені жүзеге асырмағандығы үшін кінәлі адамдар жауап береді. Үшіншіден, 
әрекетке қабілетті адам жасаған құқыққа қайшы іс- әрекеттердің бәрі бірдей емес, тек осы 
тұлғаның кінәсі бойынша жасалғандары ғана құқық бұзушылық деп саналады. 
Айыптылық – субъектінің жасалған құқық бұзушылыққа психикалық қарым-қатынасын 
сипаттайды. Осылайша, құқық бұзушылықтың ең маңызды белгісі айыптың болуы, яғни 
заңсыз іс- әрекеттерді жасаудағы ниеті немесе абайсыздығы болып табылады. Әрбір 
құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне залал 
келтіреді, қоғамға зиянды нәтижелерге алып келеді. Зиян - материалдық және моральдық, 
өлшеулі және өлшеусіз, физикалық және рухани, маңызды және маңызды емес, қалпына 
келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болады. Осылайша, қоғамдық қауіпсіздік құқық 
бұзушылық белгісі ретінде құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жеке тұлғаның, 
қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіреді. Жазаланушылықты құқық 
бұзушылық белгісіне жатқызуға да болады, сондықтан кез келген құқық бұзушылықты 
жасағаны үшін заңды жауапкершілік қарастырылуы керек. Жоғарыда айтылғандарды 
ескере отырып, келесі қорытындыға келуге болады: Құқық бұзушылық - қоғамдық қауіпті 
(зиянды) сипаты бар, өз істеріне өз бетінше жауап беруге қабілетті тұлға жасаған кінәлі 
құқыққа қайшы іс- әрекет. Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу қабылданған – 
қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты критерийлері, біріншіден, қоғамдық 
зияндылықтың сипаты мен дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада 
құқыққа қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер етеді. Қоғамдық 
зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, 
жағдаймен, уақытпен, (зорлық немесе зорлық емес) тәсілдермен, өлшеммен және 
келтірілетін зиян сипатымен және т.б. анықталады. Теріс қылықтар – бұл, қылмыстармен 
салыстырғанда қоғамдық қауіптің аз дәрежесімен сипатталатын құқық бұзушылық, ол 
қоғамдағы құқықтық тәртіптің жеке жақтарына қастандық жасайды. Теріс қылықты құқық 
салаларында қолданарлық түрде, сондай-ақ олар теріс қылық енгізетін қарым- қатынас 
түрлері бойынша және солар үшін қолданылатын жаза түрлеріне қарай топтауға болады. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан 
Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан 
Республикасы Президентінің Жарлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін 
реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер болып табылады. 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес 
мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестiрiлген 
адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана 
отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке 
өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар 
алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен 
артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет