«сыбайлас
жемқорлық»
деп ұғынылады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкімшілік және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп
соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн
жағдай
туғызатын
әрекеттер
сыбайлас
жемқорлыққа
байланысты
құқық
бұзушылықтар
(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары) болып табылады.
Сыбайлас
жемқорлықпен
байланысты
құқық
бұзушылық
субъектiлерiне
мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға
теңестiрiлген адамдар жатады.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары,
судьялар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес
барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне,
Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар
ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы
органдарының мүшелері;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс
iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан
төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу
пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын
ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық
даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу
пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін
акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес
ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар
теңестіріледі.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және
мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген
адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік
игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.
Тәртіптік теріс қылық – қызметтік қарым-қатынастар аумағында жасалатын құқық
бұзушылық және ол ең алдымен қызмет бойынша бағынушылық қатынастың тәртібін
бұзады. Тәртіптік теріс қылық адамдардың (жұмысшылардың, қызметкерлердің,
оқушылардың және т.б.) белгілі ұжымдарының қызмет тәртібіне қастандық жасайды, ол
еңбек, қызмет немесе оқу тәртібін әлсіретеді де, тәртіптік теріс қылықты тудырады.
Сонымен, мысалы, Еңбек туралы заңдар кодексі ескерту, сөгіс, белгілі бір мерзімге төмен
жалақылы жұмысқа ауыстыру немесе төменгі лауазымға түсіру, жұмыстан босату сияқты
тәртіптік жазалар қарастырылған. Тәртіптік жазаларды кәсіпорын, мекеме, ұйым теріс
қылық шыққан күннен бастап бір айдан кеш қалмай және оны жасаған күннен бастап алты
айдан кеш қалмай салады. Тәртіптік жазаның мерзімі – бір жыл.
|