Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет51/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
15) жұмыс уақытының, соның ішінде жұмыс уақытынан тыс істеген жұмыс, әрбір 
қызметкердің зиянды (өте зиянды), қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында, ауыр дене 
еңбегімен айналысқан жұмыс уақытының нақты есебін жүргізуге; 
16) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен профилактикалық, 
алдын ала және мiндеттi медициналық тексерулерден өткiзiлуге тиiс адамдардың осындай 
тексерулерден уақтылы өткiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 
2.Ұжымдық шарт. Жеке еңбек шарты..
Жеке еңбек шартында: 
1) тараптардың реквизиттерi: 
жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс берушi - 
заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты;
жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнің) тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын 
құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс берушi - жеке тұлға болған жағдайда оның 
тұрақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, 
нөмiрi, берiлген күнi;
қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта 
көрсетiлсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк 
жеке кодының нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (СТН);
2) еңбек мiндетi (белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс); 
3) жеке еңбек шартының мерзiмi; 
4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру басталатын күн; 
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегі немесе 
зиянды (өте зиянды) немесе қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені 
үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi; 
7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары; 
8) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi; 
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi; 
11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi
12) тараптардың жауапкершілiгi көрсетiлуге тиiс. 
Жеке еңбек шартын белгіленген мерзімге жасасқанда тараптардың осы шартты 
мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өзара жауапкершілігі белгіленуі мүмкін. Тараптардың 
келiсiмi бойынша жеке еңбек шартына өзге де жағдайлардың енгiзiлуi мүмкiн. Жұмыс 
беруші қызметкерден Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де 
заңнамалық актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда жеке еңбек шартында 
келісілмеген жұмысты атқаруды талап етуге құқылы емес. 
Жеке еңбек шарты: 
1) белгiсiз мерзiмге; 
2) бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. Қызметкермен жеке 
еңбек шарты қайталап жасалған жағдайда ол белгіленбеген мерзімге жасалған деп 
есептеледі. Егер тараптардың ешқайсысы еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты 
бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған жеке еңбек шартын тоқтатуды талап 
етпесе және еңбек қатынастары іс жүзінде жалғасатын болса, онда жеке еңбек шарты 
белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.
Жеке еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалатын қызметкерлер үшін көзделген 
кепілдіктер мен өтемақылар беруден жалтару мақсатында жеке еңбек шартын белгілі бір 
мерзімге жасасуға тыйым салынады; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет