Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет55/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
берiледi. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейiн күнтiзбелiк үш күннен 
кешiктiрiлмей жүргiзiледi. 
Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы еңбек жөнiндегі уәкілеттi 
мемлекеттiк орган белгілейтiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптер мен лауазымдардың 
тiзбесiне сәйкес ауыр дене еңбегi мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және қауiпті 
(өте қауiптi) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге беріледі. 
Ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң талаптары мен тәртiбi жеке 
еңбек, ұжымдық шарттармен белгiленедi. Қатарынан екi жыл бойы еңбек демалысын 
бермеуге тыйым салынады. 
Еңбек демалысы күндерiне дәл келетiн мереке күндерiн есептемегенде, жыл 
сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдерi мен 
кестелерiне қарамастан, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретiн еңбектегi жұмыс стажына: 
1) жұмыс жылы iшiнде нақты жұмыс iстеген уақыт; 
2) жұмыстан заңсыз босату кезiнде амалсыздан бос жүрген уақыт; 
3) емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған уақыт; 
4) қызметкер шын мәнiнде жұмыс iстемеген, бiрақ белгiленген тәртiппен жұмыс 
орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт қосылады. 
Қызметкердiң қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы бөлiнiп берiлуi 
мүмкiн. 
Бiлiм беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын 
(жұмысын) дайындау және қорғау, бiтiрушiлер емтихандарын тапсыру кезеңiнде ақы 
төленетiн немесе ақы төленбейтiн қосымша демалыс беріледі. 
4. Жалақы. Кепілдік және өтеу төлемдер. Жұмыс берушi Еңбек кодексіне, жеке 
еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердiң еңбегiне ақы төлеуге мiндеттi. 
Қызметкерлердiң еңбегiне ақы мерзiмдiк, кесiмдi түрде немесе еңбекке ақы төлеудiң өзге 
де жүйелерi бойынша төленедi. Ақы төлеу еңбектiң жеке және/немесе ұжымдық 
нәтижелерi үшiн жүргізiлуі мүмкiн. Қызметкердiң жалақысы орындалатын жұмыстың 
саны мен сапасына, күрделiлiгiне қарай белгiленедi. Қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi 
мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделiлiгiн күшейту үшiн жыл iшiндегi 
жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесi және материалдық 
көтермелеудiң басқа да нысандары енгiзiлуi мүмкiн. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесi 
ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгiленедi.
Жалақының мөлшерiн жұмыс берушi дербес белгiлейдi және ол Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы 
керек. 
Мерзiмнен тыс жұмысқа ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi. Мереке 
және демалыс күндерiндегi жұмысқа ақы екi еседен төмен болмайтын мөлшерде төленедi. 
Мереке және демалыс күндерiндегi жұмыстарға төленетiн өтемақы қызметкердiң тiлегi 
бойынша қосымша демалыс күнiмен ауыстырылуы мүмкiн. Түнгi уақыттағы жұмыстың 
әрбiр сағатына ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi. 
Жалақы ақша нысанында және келесi айдың бiрiншi он күндігінен кешіктiрiлмей 
төленеді. Жалақы төлеу күнi жеке еңбек, ұжымдық шарттарда көзделедi. Жалақы төлейтiн 
күн демалыс немесе мереке күндерiне тура келген жағдайда, оны төлеу олардың 
қарсаңында жүргiзiледi. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жалақы, ал қызметкермен жеке еңбек 
шарты бұзылған кезде - оған тиесiлi басқа да төлемдер белгiленген мерзiмдермен 
салыстырғанда кешiктiрiлген кезде жұмыс берушi қызметкерге берешек пен өсiмақы 
төлейдi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет