Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет80/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
қылмыстың субьектісі - бұл қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін мүмкіндігі бар 
және қылмыстық заңда көрсетілген нақты жасқа толған, қылмыс жасаған, есі дұрыс жеке 
тұлға. 
Қылмыс құрамының басқа элементтері сияқты қылмыс субьектісі міндетті және 
факултативті белгілерден тұрады. Жиналған белгілердің мүмкіндігінше қылмыс 
субьектісін шартты түрге бөлуге болады: жалпы ( тек міндетті белгілерді меңгеретін) және 
арнайы (міндетті белгілер + факултативті белгілер). 
Қылмыс субьектісінің міндетті белгілерінің мазмұны ҚК- тің Жалпы бөлімінің 14-18 
баптарында ашылған. Міндетті белгілердің қатарына жататындар:
1) жеке тұлға ,
2) есі дұрыстық,
3) заңда белгіленген жасқа толуы. 
Факультативті белгілердің қатарына арнаулы субьектінің белгілеріне жататындар, 
ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нақты қылмыстық – құқықтық нормаларын құрайды. 
Жоғарыда анықтамадан көрінгендей қылмыстың субьектісі тек жеке тұлға, тек қана 
адам болады. Жануарлар, табиғат күштері, заттар, келтірілген зиян қылмыстың субьектісі 
болмайды. Мейлінше жануарлардың, жәндіктердің және заттар тек қылмыстық құқық 
тарихында ғана емес, бірақ шет елдің құқығының әрекеттерінде соттау фактілері 
кездеседі. 
Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы республиканың қылмыстық 
заңнамасының әрекетінде қарастырылмаған. Кәзіргі уақытта кейбір мемлекеттерде 
(нарықтық экономикамен) экологиялық, экономикалық және басқа да қылмыстар үшін 
заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы қарастырылған. Заңды тұлғалардың 
қылмыстық жауаптылығы туралы сұрағы қылмыстық құқық теориясында пікір сайста 
болып тұр. Заңдылық дәрежеде бұл сұрақ және қылмыстық құқықтық кластық 
қағидасымен сәйкес – жеке кінәлі жауаптылық қағидасы бір мағыналы шешілген: 
қылмыстық жауаптылық әрқашан қатаң дара және жеке сипатта болады. Ол қоғамға 
қауіпті әрекетті істегені үшін, ондағы тұлғаның кінәсі анықталған жағдайда ғана 
анықталуы мүмкін. 
Кез-келген жеке тұлға қылмыстың субьектісі болуы мүмкін емес. Қылмыстың 
субьектісі тек қана есі дұрыс тұлға бола алады, яғни өзінің іс-әрекетінің қоғамдық мәнін 
және нақты болған жағын түсінеді, оларды басқара білуі керек. 
Көрсетілген санасы мен еркінің пайда болу мүмкіндігі анықталған жас шамасына 
толғандығын білдіреді. Бұл жас шамасы қылмыс жасағаны үшін қылмыстық 
жауаптылыққа тартуға болатыны ретінде қылмыстық заңда белгіленген. Көрсетілген 
жалпы қылмыс субьектісін сипаттайтын үш белгісі кез-келген қылмыс құрамының 
міндетті белгілері болып табылады. Демек, біреуінің болмауы қылмыс құрамындағы 
қоғамға қауіпті әрекеттің болмағандығын білдіреді. 
«Қылмыс субьектісі» ұғымын нақты тереңірек түсіну үшін «жеке қылмыскер» 
ұғымымен оны жалпы салыстыру керек. Біріншіден, екіншіден оның ұғымы нақты 
қылмыс жасаған тұлғаға қатысты болады. Бірақ –та олардың мазмұны және қылмыстық – 
құқықтық мәні сәйкес келмейді, екінші ұғымы айтарлықтай кең және көп жақты болады. 
Қылмыс субьектісінің ұғымы – қылмыстық – құқықтық ұғыммен тұлғаны 
қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін белгілер жиынтығына тән келеді. 
Қылмыскер адам (кісі) – криминологиялық ұғым және қылмыс жасаған тұлғаның 
биологиялық және әлеуметтік – психологиялық белгілерімен бірігеді.
Қылмыскер адам 3 түрлі белгілерден (компонеттерден) тұрады :




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет