Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет39/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   135
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
өлшем енгізіледі. Мұндай қатынастардың санына шартпен белгіленген қатынастарды 
жатқызу.
Мемлекеттің қаржылық процесінде қаржылық қатынастардың екі тобы пайда 
болады: материалдық және ұйымдастырушылық. Материалдық қаржыдық қатынастар 
мемлекеттік ақша қорын құру және бөлу процесін реттеуі (салық қатынастары). 
Материалдық қаржылық қатынастар былайша сипатталады: 
- ақшадай болып келеді 
- ақша нысанында құнның біржақты қозғалысын белгілейді 
- бөлушілік сипатта болады 
- экономикалық қатынастардың бір түрі болып табылады 
- мемлекеттің қаржылық әрекеті процесінде пайда болады 
- тек құқықтық нысанда өмір сүреді.
Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар тұтасымен алғанда елдің ақша жүйесін 
және мемлекеттің қаржылық жүйесін ұйымдастыру процесінде пайда болады. 
Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастардың сипаты: 
- экономикалық болып табылмайды 
- ақша қаражатының қозғалысын белгілемейді 
- материалдық қаржылық қатынастардың қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етудің 
құралы болуға белгіленген 
- мұндай қатынастардың объектісі мелекеттік қаржылық құрылымдардың қызмет 
етуі болып табылады 
- әрқашан құқықтық нысанға ие. 
Қаржылық қатынастардың тауарлық – ақшалық қатынастардан айырмашылығы: 
1) қаржылық қатынастар бөлу сатысында, ал тауарлық ақша – айырбас сатысында 
пайда болады 
2) мемлекеттік қаржылық қатынастар әрқашан эквивалентсіз, ал тауарлық ақша – 
эквивалантті 
3) мемлекеттік қаржылық қатынастар мемлекеттің қаржылық әрекетінің өнімі болып 
табылады және ол олардың міндетті субъектісі болып табылады, тауар – ақша 
қатынастары «сатушы – сатып алушы» түрдегі қатынастарда жүзеге асырылады, мұнда 
мемлекеттік орган субъект ретінде қатыспайды.
4) мемлекеттік қаржылық қатынастардағы ақша қозғалысы мемлекеттің мүддесімен 
белгіленді, ал тауарлық – ақшалық қатынастарда бұл қозғалыс сатушы мен сатып 
алушының жеке мүдделерімен белгіленеді 
5) мемлекеттік қаржылық қатынастар мемлекеттің өмір сүруімен белгіленеді, ал 
тауарлық – ақшалық – қоғамдық реттелуден тыс өмір сүруі мүмкін 
6) мемлекеттік қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынастар нысанында 
өмір сүреді, мұнда тараптар заңды теңсіз, тауарлық – ақшалық – азаматтық құқықтық 
қатынастар нысанында өмір сүреді, мұнда тараптар заңды тең құқықты болады. 
Қаржылық және сақтандыру қатынастарының айырмашылығы: 

Қаржылық қатынастарға қарағанда сақтандыру әрқашан эквивалентті 

Сақтандыру қатынастары мемлекеттің қатысуынсыз өмір сүреді 

Сақтандыру қатынастары тауарлық – ақшалық қатынастарының бір түрі болып 
табылады 

Қаржылық қатынастарының объектісі ақша болып табылады, сақтандыру 
қатынастарының объектісі материалдық құндылықтар немесе сақтандырылған тұлға 
болып табылады 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет