Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет1/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Байланысты:
Дәрістер



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
4. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 
 
1 - тақырып.  Мемлекет,құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы 
негізгі ұғымдар 
Дәрістің мақсаты:
 
Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық 
нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық 
ережелерінің жиынтығы болып табылады. 
Жоспар: 
1. Құқықтың ұғымы, белгілері мен функциялары 
2.Құқықтың қайнар көздері. Нормативтік-құқықтық акт. Құқықтық жүйе. Құқықтық 
жүйенің құрылымы.
3.Мемлекеттің ұғымы, белгілері мен функциялары.
4.Заңды жауапкершіліктің ұғымы, белгілері, қағидаттары, түрлері. Құқық бұзушылық: 
белгілері, құрамы, түлері.
Кілтті сөздер: құқық, мемлекет, заң, акт, құқықтық дәстүр, құқықтық прецедент.
1. Құқықтың ұғымы, белгілері мен функциялары 
Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: 
құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің 
жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет 
билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң 
ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар 
қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген 
сөз.
Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана 
тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып 
жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де 
көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық 
актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – 
нормативтік қаулылар, Министрліктер – нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік 
органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды. 
Құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік 
актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес 
біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің 
(адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-
әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру 
құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.т. 
Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-
құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. 
Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар 
ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-
бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе 
отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды 
бұзбайтын болуға тиіс. 
Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл 
атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда 
тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет