Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет50/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
2) жұмысқа қабылдау кезiнде қызметкерден осы Заңда көзделген, белгiлi бiр еңбек 
қызметімен айналысуға және (немесе) белгiлi бiр қызметтi атқаруға мүмкiндігін 
растайтын құжаттар берудi талап етуге; 
3) 
өз 
өкілеттігі 
шегінде 
жұмыс 
берушінің 
актілерін 
шығаруға. 
Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметкерлер 
өкілдерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады; 
4) қызметкерлердi көтермелеуге, оларды Еңбек кодексінде және өзге де нормативтiк 
құқықтық актiлерде белгiленген тәртіппен тәртіптiк және материалдық жауапкершілiкке 
тартуға;
5) өзіне қызметкер келтiрген зиянды өтеттіруге;
6) қызметкерге сынақ мерзiмiн белгілеуге; 
7) өз құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау мақсатында жұмыс берушiлер 
бiрлестiктерiн құруға және оларға кiруге;
8) егер жеке еңбек шартының талаптарында жазылған болса, қызметкерді оқытып-
үйретуге байланысты өз шығындарының орнын толтыруға құқығы бар. 
Жұмыс берушінің міндеттері: 
1) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына, жеке 
еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге; 
2) қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға, келіссөздер жүргізуге және 
ұжымдық шарт жасасуға; 
3) қызметкерлерді өз қаражаты есебінен өздерінің еңбек міндеттерін орындауы үшін 
қажетті құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге; 
4) қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде онымен жеке еңбек шартын жасасуға, 
қызметкерді ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға; 
5) жалақыны және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде
жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де 
төлемдерді уақтылы және толық көлемінде төлеп тұруға
6) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге; 
7) Қазақстан Республикасының еңбек туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
туралы заңнамасының, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын сақтауға;
8) қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруы кезінде оның денсаулығы мен өміріне 
зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыруға;
9) қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;
10) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды 
зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы туралы 
мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз етуге; 
11) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, 
оны тоқтата тұруға; 
12) қызметкерге зиянды (өте зиянды) және қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары 
мен кәсіптік аурудың ықтималдығы туралы ескертуге; 
13) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қатердің алдын алу жөнінде 
шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, 
профилактикалық жұмыстарды жүргізуге; 
14) қызметкерден міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен 
қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін талап етуге;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет