Зейіннің физиологиялық негіздері Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі (А.А.Ухтомский) де жетекші мәнге ие. “Доминанта” түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді. Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп тұрған импульстер бірігеді әрі жинақталады, сонымен бірге басқа орталықтардың белсенділігі шектеліп, қозу ошағының әрекеті күшее түседі.
Бірақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөніндегі тағылимат та динамикадағы зейін құбылысын, әсіресе оның ырықты сипатын толық ашып бере алмайды. Оның себебі адамдарда жануарларға тән болмаған өз зейінін мақсат-бағдарлы басқара алу қабілетінің болуында. Мақсат қоюмен оның нақтылап отырудан зейін туындайды, тұрақталады және ауысып отырады. Сонымен, зейін табиғаты өзара бір-біріне тәуелді байланыста болған ми құрылымының біртұтас жүйесінің іс-әрекетімен байланысты, бірақ олардың зейін түрлерін реттеудегі ролі бірқалыпты емес.
Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:
процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде;
күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;
тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.
Зейінің функциялары:
қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;
ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;
белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.