Іс-әрекет категориясының мәні мен жалпы мазмұнын ашатын неғұрлым маңызды теориялық бағдарлар ретінде мына жағдайларды бөліп шығаруға болады.
1) Іс-әрекет категориясы адам болмысын сипаттайтын маңызды категория болып табылады. Бұл категориясыз адамның тұрмысын талдау мүмкін емес.
Іс-әрекет адам болмысын сипаттайды 2) Іс-әрекет ақиқатты қайта құратып белсенділіктің (адам мен қогамга топ) арнайы формасына жатады. Кең мағынада алганда «іс-әрекет» атауы «белсенділік» ұғымына баламалы («асtіvіtу» — іс-әрекет, «асtіоn» — әрекет).
Іс-әрекет-белсенділіктің көрінуі мен формасы 3) Іс-әрекет категориясы тек қана психологиялық категория болмағандықтан, психологияда дәстүрлі ортақ қабылданган деп саналады. Ол психикалық бейнелеу, тұлга, сапа, қарым-қатынас сияқты категориялармен бірге базалық психологиялық категориялар сапатына кіреді. Б.Ф.Ломов психология ғылымының негізгі категориялары ретінде бейнелеу, іс-әрекет, тұлға және қарым-қатынасты қарастырды.
Іс-әрекет — психологиянын негізгі категориясы 4) Іс-әрекет категориясы психологияның негізгі категорияларымен өзара тығыз байланысты және олармен өзара әрекеттестікте болады. А.Н.Леонтьевтің көзқарастары бойынша, психикалық бейнеленуді түсіну іс-әрекеттің біртұтас жүйесінен тыс болуы мүмкін емес. Өзінің бірқатар зерттеулерінде ол психикалық бейнеленудің сезімдік-тәжірибелік іс-әрекеттің дамуында пайда болатынын, бейне (психикалық бейпелену) қашан да іс-әрекет жүйесінде маңызды орын алатынын және оның шығу тегі мен қызмет етуін іс-әрекеттен тыс түсінуге болмайтынын көрсетті.
Іс-әрекет категориясы мен психикалық бейнелену өзара байланысты Б.Ф.Ломов зерттеулеріпде іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынас категориясының өзара байланысы қадагаланады, сондай-ақ іс-әрекеттегі қарым-қатынастың негізгі қызметтері бөліп шығарылады. Ол қарым-қатынастың іс-әрекетте бірнеше қызмет атқаратынын көрсетті:
қарым-қатынас іс-әрекеттің ұжымнан жеке-дараға өту жолындағы ауыспалы түрін құрайды;
қарым-қатынас ұжымдық іс-әрекетке қатысады;
қарым-қатынастың өзі адам іс-әрекетінің маңызды түрі болып табылады.
Іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынасөзара байланысты Іс-әрекет категориясы мен тұлғаның өзара байланысы бірқатар зерттеулерде ашылады.
А.В.Петровский зерттеулерінде тұлға іс-әрекет пен қарым-қатынаста жүзеге асатын, әлеуметтік қатынастар жүйесінің тұрақты субъектісі ретінде қарастырылады.
Б.Ф.Ломов психология ғылымы үшін базалық дәрежелерді қарастыра отырып: «психикалық құбылыстар іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде пайда болып, қалыптасып, дамиды. Алайда олар іс-әрекетке немесе қарым-қатынасқа да емес, олардың субъектісі — қоғамдық тұлғаға тән. Іс-әрекет пен қарым-қатынас өз бетінше ешқандай психикалық сапаларга ие болмайды да, өз бетінше тіршілік етпейді. Бірақ бұл қасиеттерге тұлга ие болады.
Сонымен, іс-әрекет пен қарым-қатынас мәселесі тұлға мәселесімен «тұйықталады»… іс-әрекет пен қарым-қатынасты талдау арқылы (адам өмірлік іс-әрекетінің бәрін) психология тұлғаның психикалық бітімін, оның ішкі рухани әлемін ашады…» деп айрықша атап керсетті.
Іс-әрекет пен тұлга өзара байланысты А.Н.Леонтьев сананың шығу тегін талдай отырып, оның психологиялық көп өлшемділігін іс-әрекет пен сана дәрежелерінің өзара байланысы арқылы көрсетеді. Оның пайымдауынша, субъектінің сыртқы және ішкі іс-әрекеті ақиқаттылықты психикалық бейнелеумен жанамаланып, реттеледі… Бізге тікелей ашылатын психикалық ақиқаттылық — бұл сананың субъективті әлемі.
Іс-әрекет категориясы мен сана өзара байланысты 5) Іс-әрекет категориясы психологияда екі әдіснамалық қызмет атқарады:
1 — іс-әрекет түсіндіруші қагида, ретінде;
2 — іс-әрекет зерттеу пәні ретінде.
Іс-әрекет бағытының нобайы мен негізі Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев зерттеулерінде салынды.