21-дәріс Зиятында ауытқуы бар балалардың сипаттамасы
Зият ауытқуларының себептері: тұқым қуалаушылық аурулар (микроцефалия, фенилкетонурия, т.б.), хромосомалық құрылымы және санындағы бұзылыстар (Даун синдромы, Кляйнфельтер, Шерешевский -Тернер синдромы ) т.б. Сонымен бірге ұрықтың жатыр ішіндегі даму кезінде әсер ететін әр түрлі патогендік факторлар тудырады.
Біріншіден, жатыр ішіндегі инфекциялар жатады: хроникалық -токсоплазмоз, листериоз, мерез, цитомегалия және вирустық қызылша, тұмау және т.б. Жүктіліктін соңғы айларында ананың ауыр жұқпалы аурулары ұрықтың жатырішінде бұзылуына және онда жатырішілік энцефалит және менингоэнцефалиттің пайда болуына алып келеді.
Анасының кейбір созылмалы аурулары: жүрек, қантамыр жүйесінің, бүйрек, бауырдың аурулары ұрықтын, миының дамуына жағымсыз әсер етеді. Жүктілік кезінде қолдануға тиым салынған дәрілік препараттарды қолдану ұрықты ұландырады. Ұрықтың дамуына темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлық, анасының дұрыс тамақтанбауы, әртүрлі дене және психикалық жарақаттар, әйелдің зиян өндірісте жұмыс істеуі, қоршаган ортаның жағымсыз жағдайлары қатты әсер етеді. Нәрестенің гемолитикалық ауруы түрінде көрінетін, анасы және ұрпақ арасындағы резус - факгор және қанның топтық антигені бойынша иммунологиялық келіспеушілік зият бұзылысының себептерінің бірі.
Туу кезіндегі патогендік факторлар миды органикалық түрде жарақат етеді.
Туылғаннан кейін, зият ауытқулары нейроинфекция (менингит, минингоэнцефалит т.б.) әсерінен пайда болуы мүмкін. Кейде, оның себептері бас миының жүре пайда болған жарақаттар мен улану болуы мүмкін.
Зият ауытқуының деңгейі патогендік фактордың әсер ету уақытына байланысты. Мысалы: жүкті әйелдің 3 айында қызылшамен аурса болашақ баланың ақыл-ойы кемтар болып туылу себебінің бірі болуы мүмкін, ал кейін ауырса, кемістік аса байқалмайды, психикалық дамуының тежелуіне, сөйлеу тілінің кемістіктеріне әкеп соғады.
Зиятында ауытқушылығы бар тұлғалар өзінің кұрамы бойынша әртүрлі топтарды біріктіреді, оған: мидың жатырішінде, туу кезінде және туғаннан кейін зақымдалғандар жатады. Мұндай жағдайда диагнозы -олигофрения (олиго-аз, френос- ми). Олигофрендер дамуға кабілетті, бірак ол процесс баяу жүзеге асырылады. Олигофрендер зиятында ауытқушылығы бар адамдардың едәуір бөлігін құрайды.
Зиятында ауытқушылығы бар балалап арасындаға ең аз топ - бұл зият ауытқушылығы 3 жастан кейін пайда болғандар. Бас миының жарақаты әртүрлі аурулар салдарынан психикалық функциясының бұзылуы, бұл жағдайды - деменция деп атайды. Деменция жағдайында ақыл ой кемістігі қайтарымсыз. Мысалы: 4 жастағы балада деменция фразалық сөйлеуін, өзін-өзі күту дағдысын, ойын, сурет салуға қызығушылығының төмендеп, тез жоғалтуымен көрінеді. Бас миының бір аумағының зақымдалуымен қатар оның басқа бөліктерінің бұзылысы байқалады. Бұл жағдайда зейін, естің, еңбекке қабілетінің бұзылуы байқалады. Ақыл ойында ауытқуы бар балалардың дамуындағы өзгешілік - жоғары психикалық функцияларының жетілмеуі мен мінез-құлық, әрекетті реттеу бұзылыстары.
Ақыл-ойы кемтарлықтың, яғни зият ауытқушылықтардың үш деңгейін ажыратады, олар: жеңіл, шамалы, терең. Жалпы топтастыру негізгі үш деңгейді анықтайды: дебильдік, имбецильдік, нақұрыстық.
Батыс Европа және АҚШ - та бұл терминдер мамандардың кәсіптік аумағында ғана қолданады, мысалы, медиктер. Кең әлеуметтік және педагогикалық тәжірибеде, жалпылаушы анықтама «қиын оқытылатындар», "зиятында ауытқушылығы бар" деген ұғым қолданылады.
1994 жылы Дүниежүзілік денсаулық сактаудың ұйымы (ДДҰ) қабылдаған топтастыру бойынша зият төмендеуінің төрт деңгейін бөліп көрсетті: шамалы, орташа, ауыр, терең.
Зият төмендеуінің сапалы сипатын салыстыру, келесі байланысты береді
ІQ
|
DSM-ІІІ, халыкаралық жүйе
|
Отандық, дәстүрлі жүйе
|
71 және жоғары
|
Қалыпты
|
Қалыпты
|
50 - 70
|
Шамалы зият бұзылысы, оқуда қиналуы.
|
Дебил
|
35 - 49 25-39 20 және төмен
|
Орташа зият бұзылысы, оқытудағы қиындық.
|
Имбецил
|
|
Ауыр зият бұзылысы, оқытуда едәуір қиналу. Терең зиятының бұзылуы.
|
накұрыстық
|
Достарыңызбен бөлісу: |