Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен



бет1/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50








ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасы


Зияты зақымдалған балаларға арнайы білім берудегі
инновациялық технологиялар
пәнінің
6В01901- Арнайы педагогика ББ
үшін лекция сабақтарына арналған
дәрістер жинағы
Оқу түрі: күндізгі

Шымкент 20____



Зияты зақымдалған тұлғалардың ерекшеліктері



Зиятының зақымдалу жағдайы – ол жеке тұлғаның әлеуметтік қызметтерінің мүмкіндіктерін толық қиындататын психиканың туа немесе ерте даму кезеңінде жетілмеуін шартталған ауытқушылық болып табылады.Зият бұзылысы (ақыл естің кемдігі) отандық мамандар тарапынан бас миының ағзалық бұзылысының кері әсерінен пайда болатын (тұқым қуалаушылықтан немесе жүре пайда болған кесел) танымдық қызметтің тұрақты бұзылысы ретінде ұсынылған. Ой өрісі – (лат.таным) кең мағынада жеке тұлғаның барлық танымдық қызметтерінің жиынтығы болып табылады. Зияты бұзылған балаларды және жас жеткіншектердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін шет мемлекеттерінде терең ХІХ ғасырда зерттеле бастады. Ғылымның түрлі салалары дамуында ауытқуы бар балалардың тіршілік әрекетіндегі әртүрлі өзекті мәселерін зерттеген және әлі де зерттеп келе жатыр: дәрігерлер, психологтар, генетиктер, әлеуметтанаушылар, психотерапевттер, заңгерлер, тіпті соңғы уақыттарда-экологтар және диетологтар.
Л.С.Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен.
В.М.Астаповтың пікірінше, «зиятының зақымдалуы – ол орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуының нәтижесінде болатын толық психиканың сапалық өзгеруін» айтамыз. Мұнда тек Зиятында ғана емес, сонымен бірге эмоциялық даму аймағы зардап шегетін дамудың түрі.
Зиятында бұзылысы бар балаларды оқыту бірнеше ғасырлардан өтеді. «Зиятында бұзылысы бар» психиатрлық түсініктердің ең көне ұғымына жатады. Ж.Эскироль Зиятында кемістіктің туа біткен және жүре пайда болған түрінің арасындағы айырмашылығын сипаттап берген. Ж.Эскироль – шәкірттерінің еңбектері зиятында бұзылысы бар балаларды тәрбиелеу мен емдеу ғылымының дамуына ерекше ықпал жасады. Э.Сеген нақұрыстық пен имбецильдікке анықтама және клиникалық сипаттама беріп, сонымен қатар көп жылдар бойы құрастырған өзінің емдік және педагогикалық коррекциялық жүйесін ұсынған. Сеген зиятында бұзылысы бар балаларды емдеу мен тәрбиелеу маңызды және қажет екенін жазды: «Идиотияның емделмейтіні жөнінде пікірлер көп болды, тіпті ешбір адам бұл аурудың табиғи тұрғысынан қарауға тырыспайды». 1952ж. А.Тредгольд (А.Tredgold) Зиятында кемістікті психиканың қалыпты дамудың деңгейіне жете алмау күйі ретінде анықтап, оны диагностикалау үшін критерийлерді ұсынды: интеллектуалді (оқытуы бойынша), биологиялық және әлеуметтік. 1959ж. М.С.Певзнер олигофренияның түп негізін – баланың жатыр ішіндегі дамуы және ерте жастан даму кезеңдерінде немесе орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдану салдарынан психикалық қызметтің күрделі формасының дамымау түрі ретінде түсінді. Бірақ берілген анықтамаларда кейбір дәлелсіздіктері бар, дей тұрғанымен, олигофрения – бұл орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы.
С.Я.Рубинштейн бас миының органикалық зақымдануының салдарынан барлық танымдық қызметті зақымдалған балаларды зиятында бұзылысы бар балалар деп атаған. Осы уақытта М.С.Морозовтың авторлығымен алғашқы рет зиятында бұзылысы бар жинақтық психологиялық сипаттамасы жасалады. Ол психологиялық құбылыс ретіндегі зиятында бұзылысы бар кең мағынада қабылдаудың бұзылуымен, пассивті және активті назардың жеткіліксіздігімен сәйкестендіріледі деп болжайды.
Зиятында бұзылысы бар өзіндік ерекшелігінің сапалық сипаттамасы болады: зиятында бұзылысы бар балалар ойлау жүйесімен, тез еліктеушілігімен және назарының тұрақсыздығымен, физикалық әлсіздігімен, жұмысты ақырын жасауымен ерекшеленеді.
Зияты бұзылған балаларды зерттеуге үлкен үлес қосқан Л.С. Выготский болды, ол ЕБҚБ балалар психикасының даму заңдылықтарын көрсететін тұжырымдар жасаған болатын. Олардың құрамына мыналар кіреді:
 Адам психикасының құрылуының жүйелілігін тұжырымдау, мұнда бір бөліктің зақымдануы, бүкіл жүйе жұмысын өзгертеді.
 Баланың жақыннан және белсенді даму аймағын анықтау.
 Дені сау және ЕБҚБ балалар дамуын көрсететін негізгі факторлар ұқсастығын тұжырымдау.
 Аномальді балалардың дамуындағы бірінші және екінші кемістікті көрсету және сәйкесінше әрбір баламен жүргізілетін коррекциялық оқу-тәрбие жұмысының маңызды бағыттарын анықтау.
 Зиятында бұзылысы баржағдайында баланың аффект және зият қатынасындағы өзгерістерді тұжырымдау.
Баланың зиятында бұзылысы бар оның өмірінің ерте шағында байқала бастайды. Дамудағы кемістік айқын көріне бастаған сайын, оған тән нақты ерекшеліктер нақты байқала бастайды. Зиятында бұзылысы бар балалардың жалпы дамуын, олардың білім, білік, дағдыны игеруін қамтамасыз етуде арнайы ұйымдастырылған, түзетуші-бағыттаушы, өзінің оң мүмкіндіктерін ескере отырып құрылған оқыту мен тәрбиелеу қажет.
Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан зиятында бұзылысы бар балалардың жеке тұлғасының қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Олар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді.
Зиятында бұзылысы бар балалар туралы ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан М.С.Певзнердің жұмыстары болды. Оның пікірі бойынша, олигофренияға тән ерекшелік – назар аудармау мен жалпылау үдерістерінің дамымауынан көрінетін зияттың кемістігі зиятында бұзылысы бар бірден бір емес, негізгі көрсеткіші болуы мүмкін және өзге бұзылулар арқылы, яғни жол бойында кездесетін бұзылулар арқылы асқынады. Автор жол бойында кездесетін асқынуларға жұмыс қабілеттілігінің күрделі ауытқуларын, тұлғалық ауытқуларды іс-әрекеттің мақсатты бағыттылығы, сөйлеу мен анализаторлық бұзылуларды жатқызады. Сонымен қатар, М.С. Певзнер олигофренияның негізгі асқыну формалары мен зият кемістігінің жол бойындағы асқынған формасын ұсынады. Бұл М.С. Певзнерге (1959) берілген топтағы балаларға тән, жеке және бірлескен түрде көрінетін танымдық іс-әрекеттің бұзылуының 4 нұсқасын көрсетуге мүмкіндік береді:
 назар аудармау және жалпылау үдерістерінің дамымай қалуы;
 жұмыс қабілеттілігінің күрделі бұзылуының сәйкестілігі;
 тұлғалық күрделі ауытқулар, мақсатты бағытталған іс-әрекет және моториканың сәйкестілігі;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет