1
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы
Л.Т.Серкебаева
«АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАУ
МЕН ӨҢДІРІС ЖҮЙЕЛЕРІ»
Оқу-әдістемелік құрал
Қостанай, 2016
2
УДК 681.5 (0758)
ББК 32.965 я 73
С 37
Пікір берушілер:
Жунусов К.М., экономика ғылымдарының кандидаты, Қостанай инженерлік
экономикалық университетінің ақпараттық технологиялар және автоматика
кафедрасының меңгерушісі
Жикеев А.А., техника ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университетінің тіркеу бөлімінің бастығы
Нурпеисова Ж.С., экономика ғылымдарының магистры, ақпараттық жүйелер
кафедрасының аға оқытушысы
Авторы:
Серкебаева Ляззат Туралиновна, ақпараттық жүйелер кафедрасының аға
оқытушысы
Серкебаева Л.Т.
С 37 Автоматтандырылған жобалау мен өңдіріс жүйелері. Оқу-әдістемелік
құрал / Серкебаева Л.Т. Қостанай, 2016. – 64 бет.
5В070300 – ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері үшін.
ISBN 978-601-7387-15-0
Оқу-әдістемелік құралында «Автоматтандырылған жобалау мен өңдіріс
жүйелері»
пәнінің
оқу
бағдарламасына
сәйкес,
AutoCad
2013
автоматтандырылған жобалау жүйесінің тақырыптары бойынша қысқаша
теориялық анықтамалар, тәжірибелік жаттығулар және студенттердің білім
деңгейін тексеруге арналған тест тапсырмалары берілген.
Бұл оқу-әдістемелік құралы техникалық бағытта оқитын студенттерге,
сонымен қатар жоғары оқу орны оқытушыларына арналған.
УДК 681.5 (0758)
ББК 32.965 я 73
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Оқу-
әдістемелік кеңесімен бекітілген, хаттама № 4, 01.06.2016 ж.
ISBN 978-601-7387-15-0
© Серкебаева Л.Т., 2016
3
Мазмұны
1.
AutoCad 2013 автоматтандырылған жобалау жүйесі ...............
4
1.1 Теориялық анықтама ..............................................................
4
1.2 Тәжірибелік тапсырма ............................................................
8
1.3 Тест сұрақтары .......................................................................
10
2.
Редакциялау командалары ..........................................................
15
2.1 Теориялық анықтама ..............................................................
15
2.2 Тәжірибелік тапсырма ............................................................
20
2.3 Тест сұрақтары .......................................................................
22
3.
AutoCad 2013 жүйесінде мәтінмен жұмыс ..................................
26
2.1 Теориялық анықтама ..............................................................
26
2.2 Тәжірибелік тапсырма ............................................................
28
2.3 Тест сұрақтары .......................................................................
30
4.
AutoCad 2013 жүйесінде қабат, блок элементтерімен жұмыс ....
35
3.1 Теориялық анықтама ..............................................................
35
3.2 Тәжірибелік тапсырма ............................................................
39
3.3 Тест сұрақтары .......................................................................
43
5.
AutoCad 2013 жүйесінде үш өлшемді модельдеу ......................
47
4.1 Теориялық анықтама ..............................................................
47
4.2 Тәжірибелік тапсырма ............................................................
51
4.3 Тест сұрақтары .......................................................................
56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................
63
4
1 Тақырып. AutoCad 2013 автоматтандырылған жобалау жүйесі.
Графикалық редактордың сипаттамасы.
Дербес компьютерлер мен олардың перифериялық құралдарының пайда
болуымен сызба-графикалық жұмыстарды, геометриялық есептерді шешуді
автоматтандыруға орасан зор мүмкіндіктер пайда болды.
Дербес компьютерлердің бағдарламалық құралдары жеке қолданбалы
бағдарламалардан бастап арнайы графикалық тілдер мен қолданбалы
бағдарламалар пакеттеріне (графикалық жүйелер) дейін дамыды.
Заманауи графикалық жүйелер (AutoCad және т.б) құрылыста, авиацияда,
кеме жасауда және басқа салаларда кең қолдануда.
Бүкіл әлемде қолданылатын CAD аббревиатурасы автоматты түрде
жобалау жүйесі деген мағынаны білдіреді. Әдетте бұл ұғымның астарында
компьютердің
көмегімен
сызбаларды
орындауға
мүмкіндік
беретін
бағдарламалар және одан да басқа күрделі жобалау жүйелері жатады.
AutoCad – америкалық Autodesk компаниясы жасап шығарған MS
Windows ортасында қызмет жасайтын ең кең таралған автоматтандырылған
жобалау жүйесі болып табылады. AutoCad уақытпен тексерілген, жаңа
мүмкіндіктерімен тұрақты түрде толықтырылып отыратын инженерлік
графиканың, үшөлшемді модельдеу мен көрсетудің мықты құралы.
AutoCad жүйесінің алғашқы нұсқасы (версиясы) 1982 жылы жарық көрді.
AutoCad жүйесін іске қосу үшін мына командаларды орындау қажет:
ПускПрограммы AutodeskAutoCad2013-Русский AutoCad2013
Сонда AutoCad2013 жүйесінің жұмыс терезесі ашылады (1 сурет).
1 сурет - AutoCad2013 бағдарламасының интерфейсі
5
Жұмыс терезесі бірнеше элементтен тұрады:
1.
Бас мәзір (Главное меню)
2 сурет - Бас мәзір
Бұл жол экранның жоғарғы бөлігінде орналасады. Онда AutoCad
командалары функциялық қызметіне қарай топтастырылған. Мысалы, Файл
мәзірінің командаларына – открыть, создать және т.б. командалар кіреді.
Правка мәзірінің командаларына – вырезать, копировать, вставить
командалары.
2.
Құралдар тақтасы (Панели инструментов)
Құралдар тақтасы - AutoCad командаларымен байланысты графикалық
элементтер – пиктограммалар жиынтығы.
Мысалы, «Стандартная» тақтасында «Создать», «Открыть», «Сохранить»,
«Печать», «Предварительный просмотр» және т.б.командалар орналасқан
3 сурет - «Стандартная» құралдар тақтасы
Құралдар тақталарын экранда бейнелеу, жасыру және орналастыру үшін
«Стандартная» тақтасын тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде көрінетін
контекстік менюді пайдаланамыз.
3.
Графикалық алаң (Графическая область)
4 сурет - Графикалық алаң
Сызба экранның бас терезесінің қара түсті графикалық алаңында
орындалады. Бұл алаңның шекараларын табу мүмкін емес, себебі ол шексіз.
Графикалық алаң Модель, Лист1, Лист2 қосымшаларынан тұрады.
6
4.
Командалар жолы (Командная строка)
Командалық жолда AutoCad-тың басқару командалары, олардың
параметрлері енгізіледі және операцияны орындау жөніндегі ақпарат
көрсетіледі.
5 сурет - Мәтіндік терезе
Командалық жолдың ақпараты мәтіндік терезеде (текстовое окно)
көрсетіліп, командаларды орындау хаттамасына автоматты түрде жазылады.
Мәтіндік терезеден командалық жолдағы енгізілген және шығарылған
мәліметтерді оқуға болады. Экранда мәтіндік терезені көру үшін F2 пернесін
басу керек.
5.
Қалып-күй қатары (Строка состояния)
6 сурет - Қалып-күй қатары
Бұл жолда курсор қиылысының координаталары және сызу режимдері
(«Отображение сетки», Режим «Орто», «Динамический ввод» және т.б.)
көрсетіледі.
6.
Курсор қиылысы және таңдау нысанасы (Перекрестие курсора и
прицел выбора)
Курсор қиылысы сызбада нүктелерді көрсету үшін, ал таңдау нысанасы
редакциялау командаларындағы объектілерді таңдау үшін қолданылады.
7
Редакциялау командаларының объектілерді таңдау жүйесі іске қосылғанда
курсор қиылысы бірден таңдау нысанасына айналады.
Курсор мен таңдау нысанасын басқару үшін көбіне тышқанды қолданады.
Курсордың ағымдық координаталары қалып-күй қатарының сол жақ
бұрышында көрсетіледі.
7.
Контекстік мәзір (Контекстное меню)
Контекстік мәзір тышқанның оң батырмасын басу арқылы экранға
шығарылады және ол курсор қиылысының қасынан көрінеді.
7 сурет - Контексттік мәзір
AutoCad жүйесінде контекстік мәзір командалар құрамына кіретін
командалар бірнеше параметрлерге байланысты. Олардың ішінде:
мәзірді шақыру кезінде орындалып жатқан команданың түрі;
курсордың экрандағы орны;
пернесін курсорды шақыру кезінде басып тұру
8
Тәжірибелік тапсырма.
Тақырыбы: Графикалық примитивтер
Кез келген сызба примитив деп аталатын графикалық элементтерден
тұрады. Примитивтер жәй және күрделі болып екіге бөлінеді. Примитивтердің
түрлері төмендегі схемада көрсетілген:
Жәй примитивтер: кесінді, нүкте, шеңбер, доға, түзу, сәуле, эллипс,
сплайн, мәтін
Күрделі примитивтер (жазық және кеңістік): полисызық, мультисызық,
мультимәтін, өлшем, штрихтау, сыртқы сілтеме, атрибут, үшөлшемді,
полисызықтар, көрініс экрандары.
Примитивтерді салу командалары «Рисование» құралдар тақтасында
орналасқан.
8 сурет - «Рисование» құралдар тақтасы
Әдетте, «Рисование» құралдар тақтасы AutoCad терезесінің сол жағында
орналасқан.
«Отрезок» командасы.
«Рисование» құралдар тақтасында «Отрезок»
командасын таңдаймыз.
Командалық жолда
атты көрініс ашылады. Бұл
жолда кесінді нүктесінің координаталарын енгіземіз. Мысалы, 1000,800. Әрі
қарай графикалық алаң бойынша оң жаққа кесінді нүктесінің екінші
координаталарын енгіземіз. Мысалы, 2000,800. Төртбұрыш салу үшін кесіндіні
жоғарыға қарай жылжытамыз. Яғни, келесі координаталар 2000,1500.
Төртбұрыштың келесі қабырғасын салу үшін, командалық жолға 1000,1500
координаталарын енгіземіз. «Замкнуть» батырмасын басқан жағдайда,
төртбұрыш тұрғызылады. Бұл сызбаның өлшемін, кесінді түсін, қалындығын
өзгертуге болады.
Примитивтер
Жәй примитивтер
Күрделі примитивтер
9
Кесінді қалындығын өзгерту үшін, қажетті кесінділерді тышқан
көмегімен белгілеп, « По слою»
құралдар тақтасында кез
келген түсті таңдаймыз.
Кесінді қалындығын өзгерту үшін, «Веса линий»
құралдар
тақтасында қажетті қалындықты таңдаймыз. Кесінді қалындығы графикалық
алаңда «Формат-Веса линий-Отображать линии в соответствии с весами»
командасы арқылы көрсетіледі.
Сызбаның өлшемдерін көрсету үшін, мәзір жолында орналасқан
«Размеры» элементінің командалары қолданылады. Мысалы, «Быстрый
размер», « Линейный», « Длина дуги», « Радиус» және т.б. Суретте көрсетілген
сызба өлшемі – быстрый размер. Оны орнату үшін, арнайы команданы таңдап,
суретте бөлек қисындыны белгілеу керек, «Enter» пернесін басып, әрі қарай
өлшемді сол/оң/жоғары/төмен жаққа сызба шегіне шығарамыз. Өлшемге
тышқанның сол жақ батырмасын 2 рет басып, әріптердің биіктігін өзгертеміз.
Қалыпты түрде 2.5, мысалы, 45 деп орнатамыз. Нәтижесінде 9 суретте
көрсетілген сызба тұрғызылады.
9 сурет - «Отрезок» командасы көмегімен салынған объект
Тапсырмалар.
«Отрезок», «Круг», «Прямоугольник» командалары көмегімен суретте
көрсетілген сызбаларды тұрғызу.
10
«AutoCad 2013 автоматтандырылған жобалау жүйесі. Графикалық
примитивтер» тақырыбынан тест тапсырмалары:
1.
AutoCad жүйесінде жасалған файл кеңейтілуі қалай белгіленеді?
A) .jpeg
B) .dwt
C) .dwg
D) .dsw
E) .exe
2.
Мәзір жолының «Размер» элементі не үшін қолданылады?
A) сызба өлшемдерін қою үшін
B) блоктарды және объектілерді қою үшін
C) қабаттармен, түстермен, сызықтар типтерімен жұмыс орындау үшін
D) сызу командалары орналасқан
E) файлдармен жұмыс орындау үшін
3.
«Отрезок» командасы қай құралдар тақтасында орналасқан?
A) «Редактирование»
B) «Рисование»
C) «Моделирование»
D) «Вид»
E) «Видовые экраны»
4.
Сызба жасалатын кеңістік қалай аталады?
A)
Модель кеңістігі
B)
Парақ (лист) кеңістігі
C)
Жұмыс кеңістігі
D)
Команда кеңістігі
E)
Сызба кеңістігі
5.
Сызба баспаға шығарылатын кеңістік қалай аталады?
A)
Модель кеңістігі
B)
Парақ (лист) кеңістігі
C)
Жұмыс кеңістігі
D)
Команда кеңістігі
E)
Сызба кеңістігі
6.
AutoCad жүйесінде енгізу командасы?
A)
Esc
B)
Enter
C)
F6
D)
F1
11
E)
F2
7.
AutoCad жүйесінде мәтіндік терезені ашу қандай пернені басумен іске
асырылады?
A)
Esc
B)
Enter
C)
F6
D)
F1
E)
F2
8.
Сызбаны тоқтату процесі қандай пернені басумен іске асырылады?
A)
Esc
B)
Enter
C)
F6
D)
F1
E)
F2
9.
Суретте көрсетілген құралдар тақтасы қалай аталады
A)
Layers құралдар тақтасы
B)
Draw (рисование/черчение) құралдар тақтасы
C)
Modify (изменение/редактирование) құралдар тақтасы
D)
Properties (свойства) құралдар тақтасы
E)
Styles (стили) құралдар тақтасы
10.
Ұзындығы 40 бірлікке тең квадрат салу керек. Төмеңгі сол жақ бұрышы
(50,50) нүктесінде орналасқан. Басқа бұрыштарының координаталарын анықтау
(жоғары, оң жаққа, төмен).
A)
(50,0); (0,90); (90,90)
B)
(90,50); (90,90); (50,90)
C)
(50,90); (90,90); (90,50)
D)
(90,90); (50,50); (50,90)
E)
(0,50); (50,50); (90,90)
11.
Ұзындығы 50 бірлікке тең квадрат салу керек. Жоғары оң жақ бұрышы
(90,90) нүктесінде орналасқан. Басқа бұрыштарының координаталарын анықтау
(төмен, сол жаққа, жоғары).
A)
(40,40); (40,90); (40,40)
B)
(40,90); (90,90); (40,40)
C)
(90,40); (40,40); (40,90)
D)
(40,90); (40,40); (90,90)
E)
(40,90); (-40,90); (40,90)
12
12.
Ұзындығы 60 бірлікке тең квадрат салу керек. Төменгі оң жақ бұрышы
(75,50) нүктесінде орналасқан. Басқа бұрыштарының координаталарын анықтау
(сол жаққа, жоғары, оң жаққа)
A)
(50,15); (110,15); (75,110)
B)
(15,50); (15,110); (75,110)
C)
(50,15); (15,110); (75,110)
D)
(50,50); (15,110); (75,110)
E)
(50,15); (15,50); (110,75)
13.
Суретте «Штриховка» командасының қай түрі көрсетілген?
A)
Әр түрлі масштабты штрихтау
B)
Градиенттік штрихтау
C)
Сыртқы штрихтау
D)
Қалыпты штрихтау
E)
Ескермеушілік штрихтау
14.
Суретте «Штриховка» командасының қай түрі көрсетілген?
A)
Әр түрлі масштабты штрихтау
B)
Градиенттік штрихтау
C)
Сыртқы штрихтау
D)
Қалыпты штрихтау
E)
Ескермеушілік штрихтау
15.
Суретте «Штриховка» командасының қай түрі көрсетілген?
A)
Әр түрлі масштабты штрихтау
B)
Градиенттік штрихтау
C)
Сыртқы штрихтау
D)
Қалыпты штрихтау
E)
Ескермеушілік штрихтау
13
16.
Объектілерден тұратын сызба орналасқан терезенің орталық облысы қалай
аталады?
A)
Командалық жол облысы
B)
Координаталар жүйесі облысы
C)
Графикалық немесе жұмыс облысы
D)
Қалып күй қатары
E)
Мәзір жолы
17.
Графикалық облыстың қалыпты түрде неше парақ кеңістігі (пространство
листа) бар?
A)
2
B)
1
C)
4
D)
3
E)
5
18.
Суретте көрсетілген құралдар тақтасы қалай аталады?
A)
панель Layers
B)
панель инструментов Draw (рисование/черчение)
C)
панель инструментов Modify (изменение)
D)
панель Properties
E)
панель Styles
19.
Суретте көрсетілген құралдар тақтасы қалай аталады?
A)
панель стилей
B)
стандартная панель
C)
панель пользовательских инструментов
D)
панель слоев
E)
панель свойств
20.
«Прямоугольник» командасы қай құралдар тақтасында орналасқан?
A)
«Редактирование»
B)
«Рисование»
C)
«Моделирование»
D)
«Вид»
E)
«Визуальные стили»
21.
«Штриховка» командасы қай құралдар тақтасында орналасқан?
A)
«Редактирование»
14
B)
«Рисование»
C)
«Моделирование»
D)
«Вид»
E)
«Визуальные стили»
Достарыңызбен бөлісу: |