Р. А. Сүлейменова, А. Б. Алтыбаева, А. С. Қалиева,
Л. В. Турсунова
ОҚУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ
Зерде бұзылыстары бар балаларға
арналған арнайы мектептердің
(сыныптардың) 4-сыныбына арналған
әдістемелік құрал
Алматы
2021
ӘОЖ 376
КБЖ 74.3
О-52
Сүлейменова Р. А. т.б.
О-52 Оқу және тіл дамыту. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған
арнайы мектептердің (сыныптардың) 4-сыныбына арналған әдісте-
мелік құрал / Р. А. Сүлейменова, А. Б. Алтыбаева, А. С. Қалиева,
Л. В. Турсунова. – Алматы: «ӘБЕО орталығы» ЖШС, 2021. – 100 б.
ISBN 978-601-347-198-3 ӘОЖ 376
КБЖ 74.3
ISBN 978-601-347-198-3
© «ӘБЕО орталығы» ЖШС, 2021
3
КІРІСПЕ
Оқу-әдістемелік кешен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды
«Оқу және тіл дамыту» пәніне оқытуда жаңартылған мазмұндағы
бағдарламаға сүйене отырып типтік оқу жоспарымен сәйкес құ-
рылған. Оқу-әдістемелік кешенге оқулық және әдістемелік құрал
кіреді.
Оқу және тіл дамыту сабақтарының зерде бұзылыстары бар
балаларға арналған арнайы мектептің оқу-тәрбие үдерісінде
алатын орны ерекше. Балалар сабақта біліммен қатар тәрбиелік
жақты да алып жүруі керек.
«Оқу және тіл дамыту» пәнінің мақсаты – білім алушылардың
түсінуіне қолжетімді мәтіндерді дауыстап және іштей оқуы, оқы-
ғанын түсіне қабылдау және байланыстыра сөйлеуді дамыту.
Сонымен бірге оқушылардың бір-бірімен сөйлесу арқылы қарым-
қатынас жасап, өз ой-пікірлерін толық жеткізе алуы.
Оқу және тіл дамыту пәнінің міндеттері:
- оқушыларда сөздердің дыбыстық құрылымын бұзбай, екпінін
дұрыс қоюды сақтап, мәтінді дұрыс оқуын қалыптастыру;
- түсінуге қолжетімді мәтіндерді, шығармаларды мәнерлеп
оқып, оқығанының мағынасын түсіну тәсілдерін меңгеруге ықпал
ету;
- білім алушылардың оқығанын түсінуін қамтамасыз ететін
ойлау үдерістерінің қарқынына сәйкес шапшаң, мәнерлеп оқу
дағдысын қалыптастыру;
- шығарманы оқу барысында балалардың сөздік қорларын
толықтырып отыру. Бір-бірімен сөйлесу арқылы ойларын бөлісіп,
бойларында жағымды эмоциялық ерік-жігер, тұлға қалыптастыру.
Әдістемелік құралда зерде бұзылыстары бар балаларды оқыту
әдістемесі берілген. Сонымен бірге мұғалімдерге көмек ретінде
күнтізбелік жоспар, оқу мақсаттары бойынша күтілетін нәтижелер,
оқу тақырыптарының технологиялық картасы, әр оқушының тоқ-
сан бойынша оқу жетістік картасы, әр бөлім бойынша сабақтың
ақпараттық картасының үлгілері берілген. Мұғалім өз таңдауы
бойынша оқушылардың білім алу мүмкіншілігін ескере отырып,
өзіне қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдаланады.
4
Достарыңызбен бөлісу: |