Л. В. Турсунова ОҚу және тіл дамыту


Арнайы мектепте көркем шығармалардың



Pdf көрінісі
бет4/46
Дата30.01.2023
өлшемі441,3 Kb.
#63750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Арнайы мектепте көркем шығармалардың
түрлерін оқыту әдістемесі 
1. Өлеңді оқыту
Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтудың оқушылардың шығар-
машылық түйсігін қалыптастыруда маңызы зор.
Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуез-
ді, эмоциялық бояуы, үні, дыбыс әуені, мәні, табиғаты ауызекі 
естілгенде ғана ашылмақ. Өлең сөздің құдіретті қасиетін бала 
бойына ерте бастан сіңіру, зердесіне жеткізу – оқу-тәрбие ісінде 
үлкен мәнге ие.
Өлең сөздің ырғақ, ұйқас, бунақ, тармақ, шумақ кідірістері – 
қара сөзбен жазылған шығармалардан даралап тұратын белгісі. 
Осы ерекшеліктерді өлеңді ауызша оқығанда, жатқа айтқанда 
арнайы ескертеді.
Зердесі бұзылған оқушыларға берілген өлеңдер алуан түрлі 
болып келеді. Кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, ал енді 
бір тобы автордың көңіл күйіне, асқақ ойының мағынасын білдіре-
ді. Негізгі мақсаты – ақынның айтам деген ойына оқушылардың 
сезімін, өрісін жеткізіп түсіндіре білу.


13
Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:
1) Өлең оқылмас бұрын оның мазмұны бойынша оқушымен 
әңгіме өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішіндегі оқушылардың ұғымы-
на ауыр-ау деген бейнелі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы 
түсіндіріледі.
2) Өлеңді ырғағына келтіре мәнерлеп, алдымен мұғалімнің 
өзі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарын жауып
тыңдап отырады.
3) Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемі үлкен өлеңдер 
мәнерлеп оқу үшін ғана беріледі.
4) Өлеңді екінші рет қорытындылау мақсатында оқуға дайын-
дық жұмысы жүргізіледі. Оқу техникасы (шапшаң, жай) дауыс 
сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту т.б. жұмыстар.
2. Әңгімені оқыту
Оқушылар оқыған материалының мазмұнын дұрыс қабылдап, 
ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан 
түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын 
материалдың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, 
білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушы-
лар әңгімені дұрыс қабылдау үшін, негізінен, мынадай жұмыстар 
жүргізіледі.
1) Әңгімені қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
2) Әңгімеге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.
3) Әңгімені оқу.
4) Оқыған әңгіменің мазмұнын сұраққа жауап беру арқылы 
айту, мазмұндау.
Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы жасаған көркем 
бейнесі, суреті арқылы қабылданады. 
Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсінді-
руді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-
мағынасын біліп алмайынша, оның мазмұнын ұғу балаларға өте 
қиынға соғады. Ал оқулықтардағы әрбір әңгімедегі осы түсініксіз 
болады-ау деген сөздердің барлығын теріп алып, мәтіннің аяғына 
сөздік ретінде бере беруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет