Л1 Инклюзивті білім беру пәні және мақсат-міндеттері


Л3 ҚР білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізу



бет3/9
Дата11.10.2024
өлшемі24,6 Kb.
#147737
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
DOC-20230123-WA0005

Л3 ҚР білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізу Адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық шарттарға, ең алдымен Адам құқықтары туралы БҰҰ Декларациясына, Мүгедектердің құқықтары туралы, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенцияларына қосылып, Қазақстан Республикасы жалпы адамзат құқықтарын сақтау, атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алу құқығын қамтамасыз ету бойынша өзіне міндеттемелер алды. Қазақстан Республикасының Конституциясына және білім беру, оңалту, әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекет инклюзивті білім беруді енгізу арқылы әр баланың қабілеттерін, мүмкіндіктерін және қызығушылықтарын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Елімізде инклюзивті білім беруді дамытудың бастапқы кезеңі инклюзивті білім берудің жай-күйіне талдау жасауға және проблема бойынша бірқатар нормативтік құқықтық, нұсқамалық құжаттар, талдамалық материалдар мен ғылыми жарияланымдар дайындауға мүмкіндік берді. Қазақстанда инклюзивті білім берудің ұғымдық аппаратын, прициптерін, сонымен қатар инклюзивті білім беруді іске асыру тетіктерін қозғаған бірқатар маңызды нормативтік құқықтық құжаттар қабылданды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен (2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 534) бекітіліп қабылданған Инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешені инклюзивті білім беру саласындағы стратегиялық құжат болып табылады. Инклюзивті білім беруді дамытудағы келесі маңызды кезең 2015 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен (2015 жылғы 1 маусымдағы № 348) бекітілген, Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеу және бекіту болды, онда баршаға арналған сапалы білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету басым принцип деп жариялады және инклюзивті білім беруді дамытуды ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындады. Адам құқықтары саласының негізін құрайтын халықаралық құжаттарға және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттеріне сәйкес Тұжырымдамалық тәсілдерде инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары атап көрсетілді. Бұл бағыттар инклюзивті білім беруді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны дамытуды, ғылыми-педагогикалық негіздер мен кадрлық, оқу-әдістемелік әлеуетті қалыптастыруды қамтиды. Қазақстанның инклюзивті білім беруді дамытуда жасаған маңызды қадамдарына қарамастан, әлі де «кедергісіз мектептер» құрылған жоқ, ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру, кәсіби дайындау үшін жағдайлар жеткіліксіз, инклюзивті ортада жұмыс істеуге дайын педагогикалық кадрлар да жеткіліксіз. Инклюзивті білім беруді дамыту болашағына негізделген және педагог пен ЕБҚ бар баланы қолдау институтын (педагог-ассистент) енгізуді, барлық санаттағы балаларды білім беру ортасына қосу үшін жағдайлар жасауды болжайды.
Инклюзия идеясын жылжыту мен іске асырудың маңызды шарты инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін әзірлеу, ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін, оқудағы жетістіктерін өлшемшарттық бағалау жүйесін бейімдеу болып табылады. Инклюзивті білім беру саласындағы педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігінің төмен деңгейі, педагогикалық кадрларды жаппай қамтудың және инклюзивті білім беру проблемалары бойынша арнайы дайындықтың болмауы да маңызды міндетті іске асыру қажеттігін – инклюзивті білім беру үшін педагогикалық кадрларды теориялық және практикалық дайындаудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуді болжайды. Жалпы білім беру тәжірибесінде инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтер үшін біліктілік талаптарын әзірлеу және қабылдау – инклюзивті білім беруді дамытудағы қажетті қадам. Инклюзивті білім беру әдіснамасы барлық балалардың білім алудағы қажеттіліктері әртүрлі екенін мойындайды, егер сабақ беру мен оқыту инклюзивті білім беру енгізетін өзгерістердің нәтижесінде тиімді болып жатса, онда
Л4 Педагог-ассистент қызметінің мазмұны мен ерекшелігі
Педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру инклюзивті білім беру процесінің жалпы құрылымындағы ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Педагог-ассистенттің негізгі қызметтік міндеті оқу процесінде баланы қолдау болып табылады, оған оқу бағдарламасын меңгеруде балаға көмектесу, сонымен қатар ЕБҚ бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда мұғалімге көмектесу жатады. Педагог-ассистенттің ЕБҚ бар баланы қолдауы педагогикалық практикада жеке-бағдарланған, тұлғалық-бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер береді. ЕБҚ бар балаларды қолдау аясында педагог-ассистенттің қызметі пәнаралық командаға қатысушылардың барлығымен тығыз байланыстағы және өзара іс-қимыл жасаудағы өлшеусіз еңбектен тұрады. Практикалық жұмыс тәжірибесі ЕБҚ бар балаларды қолдау командасының ұйымдасқан жұмысына әрбір маман өзіне жүктелген тар шеңбердегі кәсіби міндеттерді орындағанда ғана қол жеткізеді, баланы толыққанды білім беру процесіне қосу жөніндегі жалпы мақсаттарға жету жолындағы жұмыстарды да атқарады. Командалық жұмыстың табыстылық кепілі мынадай сипаттардан тұратынын бөліп көрсетуге болады: - кәсіби қызметтегі және дүниетанымдық аспектідегі бағдарлардың жалпы құндылықтары; - өзара кәсіби және тұлғалық қолдау; - білім беру процесіне қатысушылардың барлығымен жүргізілетін жұмыстағы бірыңғай философиялық және әдіснамалық тәсілдер; - балаға және оның отбасына деген қарым-қатынастағы кәсіби ұстанымдардың бірін-бірі толықтырушылық және мамандардың құзыреттілігі, олардың жұмыстың барлық кезеңдеріндегі тығыз ынтымақтастығы; - бірыңғай кәсіби тіл және терминологиялық орта; - мамандар мен мұғалімдер бір-бірлеріне ұсынатын баланың ілгерілеушілігі, оның даму динамикасы туралы расталған ақпарат, сұранысты қалыптастырудағы белсенді ұстаным; - жұмыс, әрі проблемалы, сыни жағдаяттардағы іс-қимылдың үйлестірілгендігі және нақты ұйымдастырушылық; - қосымша әдістемелік, материалдық және басқа да ресурстарды тарту; - күрделі кәсіби қоғамдастыққа қатысу. Педагог-ассистент жұмысының мақсаты ЕБҚ бар баланы мектептің және сыныптың жалпы білім беретін кеңістігіне табысты қосу үшін жағдайлар жасай отырып, мұғалімге көмек беру. Бұл жұмыстың тиімділігі ЕБҚ бар бала өмірінің салаларын: 1. когнитивті (танымдық) саласын: білімі мен дағдыларын; 2. коммуникативті саласын: қарым-қатынас жасай білуін, қарым-қатынас жасау процесінде туындайтын әртүрлі жағдайлардан өз бетінше шыға білуін; 3. эмоционалдық саласын: сыныпта оқу процесіне психологиялық бейімдеуді, оқыту процесіне және мектеп ортасында болуға қатысты жақсы эмоционалдық көңіл-күйдің туындауын және оны сақтауды; 4. дербестігін – өз-өзіне қызмет көрсету, психикалық және физикалық реттеуді дамыту тұрғысынан анықталуы тиіс. Педагог-ассистент пен ЕБҚ бар баланың өзара әрекет жасасуы – бұл тьютормен «селбесуден» баланың мектеп өміріндегі барынша дербестігіне біртіндеп жету. Ерекше оқушының мектепте болуы үшін жағдайлар шын мәнінде қолайлы және оның дамуына түрткі болуы үшін педагог-ассистенттің жұмысының негізінде, балаға сену, оның жеке тұлғасына шынайы қызығушылық, оның ерекшеліктерін қабылдау, ізгі ниеттілік, шыдамдылық, жүйелілік сияқты ұғымдар жатуы тиіс. Мынадай міндеттерді шешкен кезде межеленген мақсатқа қол жеткізуге болады: 1. Баланы табысты оқыту үшін жағдай жасауға қатысу; 2. Баланы табысты әлеуметтендіру үшін жағдай жасауға қатысу; 3. Оның тұлғасының әлеуетін барынша ашуға көмектесу. Өз кезегінде, аталған міндеттерді іске асыруға мынадай құралдармен қол жеткізіледі: 1. Өмірлік кеңістікті ұйымдастыру және бейімдеу: жұмыс орнын, демалыс орнын және бала болатын басқа да жерлерді; 2. Педагог-ассистент пен мұғалімнің дамуында ерекшеліктері бар оқушының жақын даму аймақтарын түсінуі, оның ішкі, жасырын ресурстарына сүйену, жүктемені мөлшерлеу, оқу материалын бейімдеу, оқу құралдарын бейімдеу. Педагог-ассистент жұмысының бұдан да нақты міндеттері ЕБҚ бар балалардың мүмкіндіктері мен жеке қасиеттеріне байланысты. Әрбір нақты жағдайда дамуында ерекшеліктері бар балаларды жалпы білім беретін кеңістікке табысты қосу үшін қажетті жағдайлар әртүрлі болады. Әр оқушы өз алдына бірегей. Оқушы жүрген мектеп ортасының да өзіндік ерекшеліктері,.
Л5 ҚР нклюзивті білім беруді жүзеге асыру ерекшеліктері
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру басымдық танытуда Қазақстанда басқа санаттағы оқушылармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті көздейтін мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты. 2015 жылы туылғаннан 18 жасқа дейінгі 141 952 мүмкіндіктері шектеулі балалар немесе жалпы бала санының 2,8%-ы анықталды. Оның ішінде мектеп жасында - 94 266 бала. Анықталған мүмкіндіктері шектеулі балалар 7-12% әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда 2,8%-ды құрайды. Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту үшін 30,5% мектепте жағдай жасалған. Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны 570- ті құрайды. Оның ішінде 1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта – 88 адам, 3- топта 466 адам бар. Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №26 қаулысына сəйкес жоғары оқу орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%).
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері Кіріспе Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына Жолдауында білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып танылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары). Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді. Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда. Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері адам құқығы саласындағы негіз болатын халықаралық құжаттарға сәйкес әзірленген және әлемдік үрдістерді, білім беру саласындағы әлемдік практиканың жетістіктерін және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерін ескеріп әзірленген.
Қазіргі кезде Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі бір модельдері мен жинақталған тәжірибесі .
Талаптар мен артықшылықтар Әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсіл арқылы іске асырылуда. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға мыналар жатады: - мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтікэкономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар). Бірқатар елдерде енгізілген инклюзивті білім, ең алдымен Финляндияда келесідей қағидаттарға негізделеді: адам құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес, әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті, әр адам қатынасуға және танымды болуға құқылы, барлық адамдар бір-біріне мұқтаж, нағыз білім шынайы өзара қатынас мәнмәтінінде іске асырылуы мүмкін, барлығы қолдау мен достыққа мұқтаж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет