Л1 Инклюзивті білім беру пәні және мақсат-міндеттері



бет1/9
Дата05.04.2023
өлшемі44,63 Kb.
#79617
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 2


Л1 Инклюзивті білім беру пәні және мақсат-міндеттері
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты, негізгі міндеттері, қағидаттары, тетіктері және шарттары: Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты - барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру. Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндетері: - инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру; - инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру); - білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтікпсихологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау; - «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу; - инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асырудың күтілетін нәтижелері және кезеңдері Тұжырымдамалық тәсілдер Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инклюзивті білім беруді дамытудың жоғары көрсеткіштеріне жетуге, барлық адамдардың сапалы білім алуына толыққанды тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инклюзивті үдеріспен қоғамның қанағаттануына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды толерантты қарым-қатынас қалыптастыруға; инклюзивті білім беруді ресурстық қамтамасыз етуге, нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қамсыздандыруға мүмкіндік береді.
Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады: - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру жүйесін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу; - жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға арналған жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу; - оқуды аяқтағаны туралы икемді деңгейлік құжат жасау (аттестат, диплом); - білім берудің барлық деңгейлерінде «кедергісіз» орта құру, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды білім берудің көмекші техникалық құралдарымен қамтамасыз ету; - жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды кешенді (әлеуметтік және медициналық-психологиялықпедагогикалық) қолдау қызметін ұйымдастыру; - арнайы білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету бойынша түрлі деңгейдегі ресурстық орталықтар жүйесін құру; - жалпы білім беру жүйесінде ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды ерте кәсіби бағдарлауға, мамандық алды және мамандыққа даярлауға арналған жағдайларды қамтамасыз ету; - инклюзивті білім беру процесіне ата-аналарды, сарапшылар қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту. Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтитын болады: - жоғары және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына арнайы пәндер қосу жолымен институттар мен колледждердегі барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерді ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары мен тәсілдеріне даярлау және оқыту; - инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы барлық басқарушы қызметкерлерді, педагогтарды және мамандарды (педагог-психологтарды, педагог-дефектологтарды, әлеуметтік педагогтарды) кезең-кезеңмен қайта даярлау; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс әдістерін, кемсітушілікті жою және жағымсыз жағдайларды шешу, адам құқығы негіздерін зерделеу дағдыларын арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет