Лабораториялық жұмыс №1 Тұз еруінің интегралды жылуын анықтау



бет4/6
Дата25.11.2023
өлшемі214 Kb.
#126675
1   2   3   4   5   6
Лабораториялық жұмыс №1


Криоскопиялық әдіс арқылы заттың молекулярля массасын анықтау


Жұмыстың мақсаты:

  1. еріткіштің қату температурасын анықтау.

  2. берілген бейэлектролит ерітіндісінің қату температурасын анықтау.

  3. сурет түрінде ерітіндінің қату температурасының төмендеуін (температуралық күзеу) анықтау және еріген заттың молекулярлы массасын есептеу.



Жұмыстың мазмұны
Ерітінділер таза еріткіштің қату температурасына қарағанда төменірек температурада қатады, сонымен бірге ерітіндінің қату температурасы оның концентрацияға және еріткіштің табиғатына тәуелді болады.
Бейэлектолиттердің сұйытылған ерітінділер үшін бұл тәуелділік ∆tзам = k*m теңдеуі түрінде көрсетіледі,
мұндағы, ∆tзам – (t0зам.раст-ля – t0зам.р-ра), таза еріткіштің қату температурасына қарағанда ерітіндінің қату температурасының төмендеуі немесе температуралық күзеу,
m – еріткіштің 1000 г-на еріген заттың мольдегі ерітіндінің концентрациясы, яғни ерітіндінің моляльді концентрациясы,
k – криоскопиялық тұрақты немесе қату температураның моляльді төмендеуі.
Криоскопиялық тұрақты тек қана еріткіштің табиғатына тәуелді, сонда су үшін k(H2O) = 1,860, бензол үшін k(C6H6) = 5,10. Зерттелетін ерітіндінің моляльды концентрациясы келесі теңдеумен көрсетіледі:

мұндағы, g – еріту үшін алынған заттың массасы, г
М – осы заттың молекулярлы массасы,
g1 – еріткіштің массасы.
Сонда
Және осыдан ізделінетін молекулярлы масса:

Олай болса, заттың молекулярлы массасын анықтау үшін тәжірибе арқылы ∆tзам шамасын анықтау керек.


Жұмыстың орындалуы.
Тәжірибенің орындалуы криоскопиялық өлшеулердің жай әдістемесі бойынша жүргізіледі. Өлшеулердің нәтижесін кестеге жазу:



Уақыт, мин













t0













Тәжірибе нәтижелерін өңдеу



  1. ∆tзам шамасын табу үшін «температура-уақыт» координаталарында салқындату қисықтарын салу.

  2. Заттың молекулярлы массасын есептеу және қателік процентін табу:



  1. Нәтижелерді кесте түрінде көрсету:




Еріген заттың массасы, г

Еріткіштің массасы, г

Еріткіштің Тзам

Ерітіндінің Тзам

∆tзам

Молек. масса






















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет