Лабораториялық жұмыс №3 СҮТ ҚЫШҚылды микроорганизмдердің таза культураларды бөліп алуы



бет2/3
Дата05.02.2022
өлшемі131,48 Kb.
#24867
1   2   3
Байланысты:
лаб 3

Жұмыстың мақсаты: ашытқы микроорганизмдердің өнді- рістік тұрғыдан бағалы штамдарын өндіріп алу үшін сүт қыш- қылды бактериялардың таза культураларын бөліп алу.

Жұмысты орындау барысы

Қоректік орталар:

1. МРС-1: ашытқы саңырауқұлағының автолизаты – 5 мл, бауыр экстрактісі – 25 мл, томат шырыны – 100 мл, пептон – 10 мг, глюкоза – 20 г, сірке қышқылы натрий – 5 г, твин 80 – 1 мл, К2НРО4 – 2 г, MgSO4х7H2O – 200 мг, МnSO4х4H2O – 50 мг, агар – агар – 10 г, су – 1 л, рН = 6,2 – 6,6.

2. Майсыздандырылған сүт: сүт – 1 л, су – 500 мл, бор қосылған МРС-1: МРС-1 + 2 % бор.

3. ЕПГ (ет пептонды гидролизат): сиыр етінің фаршы – 1 кг, конц. HCl 300 мл, су – 1 л.

4. ЕПА (ет пептонды агар): ЕПС – 300 мл, NaCl – 5 г, пептон – 10 г, агар-агар – 18 г, су – 700 мл, рН = 7.

5. Сүт гидролизаты: құрғақ майсыздандырылған сүт – 100 г, панкреатин – 2 г, хлорофром – 5 мл, су – 1 л, pH = 7.

6. Агарлы сүт гидролизаты: сүт гидролизаты – 1 л, агар-агар – 20 г.

Cүтқышқылды бактерияларды бөлу үшін лактозамен қо- ректік орталар MRS және әр түрлі концентрациядағы ЕПА сұйық агарлар, жартылай сұйық (0,2 %), тығыз (2 %) және әр түрлі концентрациясы бар сутегі иондары (рН 5,0; 7,0) пайдаланыл- ған.

Сүт қышқылды бактериялардың таза культураларын бөліп алу бірнеше кезеңдерді қамтиды:

таңдау көздері;

‒ үлгілерді іріктеу;

‒ сүт қышқылды микрофлораны байыту үшін сұйық қорек- тік ортаға егу;

‒ таза культураны бөлу үшін тығыз ортаға егу;

‒ стерильді сүтке таза культураны (колониялар) қайта егу;



‒ бөлінген штамдардың идентификациялау мақсатында олардың биологиялық қасиеттерін зерттеу және олардың өндірістік құндылығын анықтау (1-сурет).

1- сурет. Әр түрлі қоректік ортада өскен сүт қышқылды микроорганизмдердің колониялары


Мезофильді сүт қышқылды бактериялардың бөліну көздері- не шикі сүт, құрал-жабдықтар, өздігінен ашитын сүт қышқылды өнімдері, сондай-ақ өсімдіктер, өсімдік тамырлары, кейде тамыр жүйесінің аймағында орналасқан топырақ жатады.

Өздігінен ашитын сүт қышқылды өнімдерден темофильді сүт қышқылды стрептококктар және болгар таяқшасын бөледі. Өздігінен ашитын сүт қышқылды өнімдерден мезофильді сүт қышқылды стрептококктарды бөлу үшін стерильді сүтке өнімнің бір тамшысын бактериологиялық ілікпемен жағады.

Егістерді 25-30 °С аралығында сүтті ұйығанға дейін термос- таттайды. Майсыз стерильді сүтке (қоректік орта) суспензия үлгілерін егуден кейін мезофильді хош иістендіретін стрептококктарды бөлу кезінде натрий цитратты (1 %) немесе глюкоза мен (1 %) ашытқы автолизатты (2 %) қосады.

Термофильді бактериялардың таза культураларының бөліну процесіне мезофильді сүт қышқылды стрептококктардың бөліну процесі ұқсас. Бұл ретте термофильді сүт қышқылды стрепто- кокктар және таяқшалар 40-43 °С кезінде өндіріледі, 37 °С-де ацидофильді таяқшалар өсіріледі. Органолептикалық қасиетте- рінің белгілі типтілігіне сәйкес ұйыманы тексеріп болған соң стерильді сүтте өсірілген, алынған байытылған культураның микрофлорасы тығыз қоректік ортаға гидролизді сүтті агарға егіледі. Егістер 48 сағат барысында термостатталады. Мик- роскоптың астында біртіндеп күшейту барысында колонияларды қарап шығады.

Lactococcus lactis үшін типтік колониялар үстірт дөңгелек және терең қайық тәрізді колониялар болып табылады.

Lactococcus cremoris майда дөңгелек қара колонияларды құрайды, Lac. diacetylactis дұрыс емес пішінді мақтаның тілім- дері түрінде терең колонияларды қалыптастырады.

Айқын болып келетін майда пішіні дұрыс дөңгелек қара колониялар болып келетін термофильді стрептококктарды құ- райды.

Термофильді сүт қышқылды таяқшалар әдетте дұрыс емес пішінді «өрмекшілер» тәрізді немесе мақта тілімдері түріндегі колонияларды құрайды.

Микроорганизмдердің әрбір тобы үшін типтік колонияларды сүті бар түтікте ауыстырады. Бір үлгіден (бір Петри табақша- сынан) 5 колонияны бөледі, 48 сағаттан аспайтын етіп ұйыманың пайда болуына дейін егістерді термостаттайды. Бөлінген сүт қышқылды бактериялардың штамдары микроскопиялық бейнесі бойынша сипатталады. Сүт қышқылды бактериялардың іріктелі- ніп алынған штамдарын, сондай-ақ 4-6 ай аралығында -18-(-25)°С кезінде мұздатылған күйінде сақтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет