Қондырғының сипаттамасы: Электр тізбегінің сызбасы (1) суретте,монтаж сызбасы (2) суретте көрсетілген.
1 -сурет.: Электр сызбасы.
1-Реттегіші бар тұрақты кернеу көзі «0...+15 В»;
2-айырып – қосқыш;
3-«Кілт» миниблогы;
4- зерттелетін конденсатор С;
5-демфирлеуші кілт;
6-ток генераторы;
7-«ток генераторы» минибологы;
8,9- мультиметрлер (режим V-20 B, кірістер СОМ, VΩ );
Конденсаторды зарядтау үшін 2 айырып-қосқышты «А» жағдайына қояды, ал 5 кілтті тұйықтайды («Сброс» жағдайы). Конденсаторды 9 вольтметрімен реттей отырып, U кернеуге дейін зарядтайды (2 В-тан кем емес). Өлшеуді бастамай тұрып, 5 кілтті ажыратады. Ал 2 айырып-қосқышты «В» жағдайда ауыстырады. Осы кезде конденсатор астарларындағы заряд ток интеграторынан өтіп, 8 вольтметрде (вольтметрдің көрсетуі Uинт) тіркеледі. Ары қарай кернеудің ағынына байланысты 8 вольтметрмен көрсетілген кернеу өзгеруі мүмкін.
Ж ұ м ы ст ы ң о р ы н д а л у т ә р т і б і Өлшеулерді жүргізу: 1. Сэ және Сх конденсаторларды параллель қосып, 2 суретте көрсетілген электр тізбегін жинаңыз. Сэ эталон сыйымдылықтың мәнін 1 кестеге жазыңыз.
2. «Сеть» батырмасын кернеу генераторының қоректендіру блогы мен мультиметр блогын қосыңыз. «Исходная установка» батырмасын басыңыз
(реті 19, 6 бетте 1 сур. қараңыз.)
3. Конденсаторды зарядтаңыз: ол үшін:
а) 5 демпфирлеуші кілтті «Сброс» жағдайына келтіріңіз.
б) 2 айырып-қосқышты (тумблер) «А» жағдайына келтіріңіз.
в) Конденсаторды зарядтау кернеуін «0...+15 В» кернеу қондырғысының
батырмаларымен (реті 14, 6 бетте 1 сур. қараңыз.) өзгерте отырып оның
мәнін 2 В-тан асырмаңыз (санақ 9 мультиметр бойынша).
4. Зарядталған конденсаторды интегратор арқыл разрядтаңыз, ол үшін:
а) 5 демпфирлеуші кілтті ажыратып аламыз.
б) 2 айырып-қосқышты «В» жағдайына келтіріңіз.
Егер осы кезде ток интеграторындағы қызып кету индегаторы жанса, конденсаторды зазядтау кернеуін азайтыңыз. 8 мультиметр көрсеткішін конденсатор разрядталғаннан кейін есіңізде сақтаңыз.
5. Зарядтау Uпарар кернеуін ( 9 мультиметрдің көрсеткіші ) тандау арқылы 3 және 4 баптарды қайталаңыз. Бұл кезде разрядтау кернеуі
(конденсатордың зарядына пропоционал) «U » 8- 10 В кернеуді (8 мультиметрдің көрсеткіші ) құрауы тиіс.
Бұл кернеуді 1-кестеге жазып, зертханалық жұмыс барысында оның мәнін өзгертпеңіз
Кесте 1
№
Эталон конденсатор
мкФ
Сыйымдылықты анықтау
Белгісіз
конденсатор
Конденсаторлардың қосылуы
параллель
тізбектей
Uэ= В
Uх = В
Uпарал= В
Uтізб= В
Uэинт, В
Uхинт, В
, В
, В
1
2
3
4
5
орташа
6. Зарядтау кернеуін тұрақты ұстап, 5 өлшеу жүргізіңіз, 1 кестеге мәнін жазыңыз.
7. Сэ және Сх тізбектейжалғаңыз. Uтізб кернеуін Uпарал кернеуге тең деп алып, U? кернеуін 5 рет өлшеп, 1 кестеге жазыңыз.
8. Сэ эталон конденсатор үшін U? шамасын және Сх сыйымдылығы белгісіз конденсатор үшін U? шамасын жеке-жеке өлшеңіз. Uэ және Uх шамалары Uпарал және Uтізб –ге тең болады. Өлшеілер нәтижесін 1 кестеге жазыңыздар.
9. Градуирлеудің дұрыстығын тексеру үшін мультиметрдің көмегімен конденсатордың белгісіз сыйымдылығын өлшеңіз (11 бетті қара), «С?» нәтижесін 2 кестеге жазыңыз, мультиметрдің өлшеу дәлдігі «?»
10. «Сеть» батырмаларымен кернеу генераторының блогы мен мультиметрлік блоктарын ажыратыңыз.