Лабораториялық жұмыс Физика кафедрасының 20 ж



бет35/40
Дата19.09.2023
өлшемі2,1 Mb.
#108705
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Бақылау сұрақтары:



    1. a) Tc; b) T>Tc (Tc- Кюри температурасы) болғанда магниттелудің негізгі қисығы В(Н) және салыстырмалы магнит өтімділігінің өріс кернеулігіне µr ( H) тәуелділік графигі қандай түрде болады?

2. Ферромагнетиктің магниттелуінің негізгі қисығы магниттелмеген үлгінің В(Н) тәуелділігінің айырмашылығы қандай?
3. Ферромагнетиктерге тән және оның магниттелу қасиеттерін атаңыз.
4. Ферромагнетикті магниттеу барысында оның домендік құрылымының қалай өзгеретінін сипаттаңыз (өрістің кернеулігінің артуына қарай)
5. а) тороидттың магнит өрісінің кернеулігі H:
б) ферромагнетик өзекшесі бар тороиттың магнит өрісінің B индукциясы қандай шамаларға және қалай тәуелді?
6. Қандай формулалар (жұмыс сипаттамасында келтірілген) магнит өрісінің параметрлері В және Н-ң басқа шамаларға тәуелділігін көрсетеді?
7. Ток интеграторының көмегімен өлшенетін Q заряд қандай шамаларға және қалай тәуелді ? Прибордан қандай ток өтеді?
8. Ток интеграторының атқаратын қызметі.
9. Өлшеу барысында 4 айырып- қосқышты не үшін қолданады?
10. а) өзекшедегі Н магнит өрісінің кернеулігін ;
б) В магнит индукциясын;
в) өзекше материалының магнит өтімділігін анықтау үшін өлшенген қандай формулаларды қолданады?

9 зертханалық жұмыс.


ФЕРРОМАГНЕТИК ҚАСИЕТТЕРІН ГИСТЕРЕЗИС ТҰРҒЫЗАТЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ОҚЫП ҮЙРЕНУ
МАҚСАТЫ: магниттік гистерезис тұзағының параметрлерін анықтау,магниттелудің негізгі қисығын және µr(H) графигін тұрғызу,ферромагнетиктің қайда магниттелуінің меншікті энергиясын есептеу.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: арнайы пішіндегі кернеу генераторы, осциллограф,мультиметр, реостат,тоқ интеграторы,ферромагнетик миниблоктары.


К і р і с п е
Ескерту:№ 8 жүмыстың кіріспесін оқу міндетті.
Ферромагнетикті айнымалы ток өрісімен магниттегенде В=f(H)
тәуелділігін гистерезис тұзағын құрайды. Тұзақтың ауданы Нmax магнит өрісінің кернеулігінің амплитудасынмен анықталады. Нmax=Hsболғанда тұзақтың ауданы ең ұлкен,мұндағы Н5 –мүлгінің қанығу мәніне дейін магниттелетін өрістің екернеулігі. Бұл шектік тұзақ 1 суретте тұтас сызықпен көрсетілге. Амплитуда кіші (Hmax5 )болса,ауданы кіші гистерезис тұзағы пайда болады. Мұндағай дербес циклдер үзік сызықтармен көрсетілген. Кернеулік Н5 –тан арттыру В-ң Н-қа сызықтық тәуелділігін береді.

Шектік тұзақ пен дербес циклдардың ұштары магниттелудің негізгі қисығында жатады. Осы ұштарының координаталарын анықтап, №8 жұмысқа көосетілген магниттелудің нгізгі қисығын тұрғызуда және µr(H) есептеуге блады.


Гестерезистің шектік тұзағының графигі бойынша ферромагнетиктің келесі сипаттамаларын анықтайды:
Нs және Вs магниттік қавнығу нүктесінің параметірі;
1-сурет. Гистерезис Вrқалдық магнит индукциясы;
Нc – КОЭРЦИТИВТІ КҮШТІҢ МӘНІ;

Феромагнетикті қайта магниттеу нәтижесінде ішкі энергияға айналатын энергия шыгынымен байланысты ω-ферромагнетиктің қайта магниттелуінің меншікті энергиясын есептеу.


Магнетиктің бірлік көлемін қайта магниттеуге жұмсалған энергия



 ,

(1)

гистерезис тұзағымен шектелген аудан арқылы анықталады.


Сонымен,зерттелетін үлгінін гистерезис тұзағынын көмегімен магниттелудің негізгі қисығын B=ƒ(Н), µr=ƒ(Н) магнит өтімділігінің магнит өрісінің кернеулігіне тәуелділік графигін тұрғызуға және ферромагнетиктің Hs,Bs,Br,Hc параметрлерін,ферромегнетиктің қайта магниттелуінің ω меншікті энергиясын есептеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет