Кіріспе
Ферромагнетиктер – ерекше магниттік қасиеттерге ие күшті магнетиктер. Бұл қасиеттер жөнінде №8 жұмыстың кіріспесінде толығырақ жазылған. Ферромагнетиктердің магнит өтімділігі магнит өрісінің кернеулігіне тәуелді. Осыған байланысты Н – ң шамасына ортаның магнит өтімділігімен байланысатын контурдың сипаттамалары тәуелді, мыс, соленоидтың L индуктивтілігі:
және оның Х L айнымалы токтағы кедергісі
мұндағы µ0- магниттік тұрақты, N- соленоидтың орам саны, S - соленоид өзекшесінің колденең қимасының ауданы, l- өзекшенің орта ось сызығының ұзындығы, -айнымалы токтың циклдік жиілігі.
Өлшеулер әдісі
Бұл жұмыста өзекшенің µr магнит өтімділігін өлшеу (1) формулаға сәйкес катушканың L-индуктивтілігін және оның N,S және l-геометриялық параметрлерін өлшеуге негізделген. Индуктивтілікті анықтау үшін белгілі жиіліктегі айнымалы токтағы катушканың индуктивті кедергісін өлшеу жеткілікті. Айнымалы токтағы катушканың толық кедергісі
себебі, әдетте R«XL, онда катушканың R актив кедергісін 200 Гц айнымалы токтың индуктивті кедергісімен салыстырғанда ескермеуге болады.
Ом заңы бойынша I ток пен солениод орналасқан тізбек бөлігінде U кернеуді өлшеу арқылы Z шамасын анықтауға болады:
(1), (3),(4) теңдеулерін қолдану арқылы магнит өтімділігінің формуласын аламыз:
Мұндағы қондырғы тұрақтысы. Орамдардан I ток өткенде с ақина пішіндегі өзекшеде пайда болатын магнит өрісінің кернеулігі
формуласымен есептеледі.
Сонымен I токтың әрбір мәніне магнит өрісінің белгілі H кернеулігі, өзекшенің µr магнит өтімділігі және магнит өрісінің инукциясы В сәйкес келеді.
Токтың әр түрлі мәндеріне сәйкес Н, µr және В – ны анықтап, тәжірбие жүзінде
а) В=f(H) – магнит индукциясының магнит өрісінің кернеулігіне тәуелділігін (ферромагнетиктің магниттелуінің негізгі қисығы ) ;
б) µr=f(H) - өзекшенің магниттік өтімділігінің магнит өрісіне кернеулігінің тәуелділігін тұрғызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |