Лабораториялық-практикалық жұмыс №1


Тақырыбы: Топырақтың суды көтергіштік (капиллярлық) қабілетін анықтау



бет8/13
Дата16.05.2023
өлшемі124,27 Kb.
#93398
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
КолданбалыТопЛаб

Тақырыбы: Топырақтың суды көтергіштік (капиллярлық) қабілетін анықтау.
Мақсаты: Топырақтың су көтергіштік қасиеттерін анықтау жолдарымен танысу.
Қажетті құралдар мен заттар: Көзі 1 мм елеуіш арқылы еленген топырақтың әр түрінің 4-5 үлгісі, диаметрі 3см, ұзындығы =50-60 см 4-5 шыны түтік, штатив, стақан, сүзгіш қағаз, дәке, жіп, сызғыш, сағат.
Тапсырмаға түсінік: Топырақтың суды көтергіштігі немесе капиллярлық топырақтың капиллярларының көлеміне байланысты, олай болса оның бөлшектері мен құрылымы арқылы анықталады. Саз топырақтарда су баяу, бірақ өте биікке көтерілсе, құмда жылдам, бірақ өте аз биіктікке көтеріледі. Құрылымсыз топырақтарда құрылымды топырақтармен салыстырғанда су капиллярларда тез қозғалып, ауаға ұшып кетеді. Тығыз топырақтарда бос топырақпен салыстырғанда, капиллярлық өте жоғары болады. Топырақтың су көтергіштік қасиеті арқасында өсімдіктер топырақтың төменгі қабатындағы суларды пайдалануға мүмкіндік алады.
Жұмыс реті:

  1. Шыны түтіктердің бір жақ басын сорғыш қағазбен және дәкемен орап, жіппен байлаған соң, топырақтың үлгілерімен толтырылады;

  2. Шыны түтіктерді штативке бекітіп, байланған басын су құйылған стақанға 1 см батырып, орналастырған соң уақытты белгілейді.

  3. Төменгі үлгіге сәйкес түтік ішіндегі топырақпен судың көтерілу биіктігін мезгіл -мезгіл өлшеп отырады.

Топырақтың
үлгілері.

Судың топырақтың бойымен минут сайын көтерілу деңгейі, үдеме есеппен, мм.

24
сағат




1

5

10

15

20

25

30

40

50

60

120

180














































4.Анықталған нәтижелердің негізінде график сызыңыздар. Ол үшін ординат бойынша судың көтерілу биіктігі мен жылдамдығын, ал абсицсса бойына уақытты кескіндеңіздер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет