Жұмыс реті: 4-5 шыны түтіктің төменгі жағын дәкемен байлап, оларды топырақтың үлгісімен 20 см деңгейге дейін толтыру.
Түтіктердегі топырақтың бетін бірнеше жерден тесілген картон дөңгелектермен жауып, шыны түтіктерді штативке бекіту.
Түтіктердегі топырақтың бетін 5 см деңгейде жауып тұратындай етіп су құйып, судың топырақтың бойынан өтуін қадағалау және түтіктегі 20см топырақ үстінен судың өтуіне кеткен уақытты анықтау. Осы уақыт топырақтың өткізгіштігінің көрсеткіші болып табылады.
Осыдан судың сүзілу коэффициентін анықтаңыздар. Дәкеден өткен алғашқы тамшының пайда болуы сүзілудің алғашқы сәті деп есептеледі.
Сүзілу коэффициентін төменгі өрнек бойынша есептейді:
Кt=
Кt-белгілі температурадағы сүзілу коэффициенті, мм/мин;
Q-әр 10 мин. сайын сүзілген судың мөлшері, см3;
S-түтік табанының ауданы, см2;
Т-уақыт, мин;
10-бір см3, су бағананың мм-не есептеу коэффициенті;
Сүзілу коэффициентін 100С температураға сәйкестеу кестесі:
К10= ,мұнда
К10-100C температурадағы сүзілу коэффициенті;
0,7 және 0,03-тәжірибе коэффициенттері;
t0-су өткізгіштікті анықтауға қолданылған судың температурасы;
6.Анықталған нәтижелерді жұмыс дәптеріне төмендегі үлгі бойынша толтырыңыздар: