Жұмыстың орындалу әдістемесі
1. Актив кедергі қосылған тізбектегі Ом заңын тексеру.
а) Егер 51-суретте көрсетілгендей тізбек кұрылса, онда тізбектің актив кедергі қосылған бөлімшесі үшін Ом заңының өрнегі төмендегідей болады:
(8), мұндағы Iэфф - амперметрмен өлшенетін ток күші, Uэфф - вольтметрмен өлшенетін кернеу. Ом заңын тексерудің мазмұны Iэфф -тің өлшенген мәні қатынасқа теңдігін дәлелдеу болып табылады. Әрбір эксперименттік өлшеуде кездейсоқ және системалық қате болатындықтан дәл теңдік еш уақытта орындалмайды. Егер тендіктің сол жағы мен оң жағының сенімдік интервалдары беттессе, теңдік орындалады деп санайды. Сондықтан (8) теңдеудің дұрыстығын дәлелдеу үшін Iэфф токтың және қатынастың сенімділік интервалдары және деп есептеліп, олардың сандық өстің бойында беттесетінін көрсету керек. Егер өлшеуіш құралдардың дәлдік кластары көрсетілген болса, өлшеуді бір рет жүргізу жеткілікті, ал пен құралдардың дәлдік кластары бойынша есептеледі. Мысалы, амперметрдің дәлдік класы k1 оның өлшеу шегі Iэфф вольтметрдің дәлдік класы k2, өлшеу шегі Uэфф , ал актив кедергі R=Ro±10% Ro болса, дәлдік класының анықтамасынан ал Осыдан
Сандық өске және
мәндері салынады. Интервалдардың айқасуына қарай теңдіктің орындалуын не орындалмауын бағалайды.
ә) Iэфф ток күші мен Uэфф кернеудің әсерлік мәндері және олардың амплитудалық Іm мен Um мәндері төмендегі қатынастарымен байланыста болады:
Осы айтылған негізінде Ом заңын мына түрде жазуға болады: (9). (9) тендеу (8) теңдеумен эквивалентті.
қатынасының дәлдігін 60-суреттегідей тізбек құру арқылы оңай тексеруге болады. Бұл тізбектегі V1 айнымалы токқа арналған вольтметр, V2 тұрақты ток вольтметрі, С1 мен С2 конденсаторлар, D - шала өткізгіш диод. С1 мен С2 конденсаторлар жартылай өткізгішті диод арқылы жалғасқандықтан олардың тек қана 2 және 3 астарлары зарядталады. Егер V2 вольтметрдің кедергісі үлкен болса, онда 2 және 3 астарлар кернеудің амплитудалық Um мәніне дейін зарядталады және ол тұрақты ток вольтметрі V2 мен өлшенеді. Осы участоктегі Uэфф кернеудің мәні V1 айнымалы ток вольтметрімен өлшенеді. Тізбектегі кернеуді өзгерту арқылы мына қатынасты оңай алуға болады:
(10)
2. Индуктивтік кедергі қосылған тізбек үшін Ом заңын тексеру. Айнымалы ток тізбегіндегі кез келген катушканың индуктивтік кедергісі мен қатар актив (омдық) кедергісі де болады. Омдық (актив) кедергіні вольт-амперметр, алмастыру, көпірлер схемасы немесе омметр т.б. әдістермен өлшеуге болады.
Индуктивтік кедергі мына формуламен есептеледі: , мұндағы ν - ток жиілігі (қалалық тізбекте ν=50 Гц). L - катушканың генримен алынған индуктивтігі. Бұл кедергілерді өзара тізбектей жалғанған деп қарап, тізбектің толық кедергісін былай табады: . Егер 53-суреттегідей тізбек құрылса, онда индуктивтік кедергі қосылған тізбектің бөлігі үшін Ом заңының түрі төмендегідей болады:
Егер (8) теңдіктің сол жағы мен оң жағы сенімділік интервалында айқасатын болса, онда Ом заңы қателер аймағында орындалады деп ұйғаруға болады.
3. Сыйымдылық кедергі жалғанған тізбек үшін Ом заңын тексеру. Конденсатор тұрақты ток тізбегін үзеді, ал айнымалы ток тізбегін үзбейді. Осы себепті конденсатор зарядталып, разрядталып, қайта зарядталып отырады. Егер 55-суреттегідей схема құрсақ, онда тізбектің с сыйымдылық жалғанған бөлігі үшін Ом заңының өрнегі мына түрде болады:
(11)
Жоғарыда айтылғандай (11) теңдеудің сол жағы мен оң жағының сенімділік интервалы қателер шегінде айқасса, онда Ом заңы орындалғаны.
4. Толық кедергісі бар тізбек үшін Ом заңын тексеру. Айнымалы ток тізбегіне актив, индуктивтік және сыйымдылық кедергілер тізбектей жалғанған жағдайды қарастырсақ, онда толық кедергі мына өрнекпен анықталады:
мұндағы z - айнымалы ток тізбегіндегі толық кедергі. Егер тізбектей жалғанған катушка мен конденсатордан тұратын тізбек құрсақ (61-сурет), онда тізбекте кедергінің үш түрі де болады. Бұл жағдайда Ом заңы мына формуламен өрнектеледі:
Егер теңдеудің екі жағының сенімділік интервалдары айқасса, теңдік қателер шегінде орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |