Лабораториялық сабақтар жоспары Электромагнетизм пәні бойынша өткізілетін лабораториялық сабақтар маңызды теориялық мәселелерді және тәжірибе жасау тәсілдерді бекіту мен игеру үшін жүргізіледі. Бұл сабақтарда қарапайым электр тізбектрі мен қондарғыларын құрастыру дағдылары қалыптастырылады.
Әдістемелік нұсқаулар Кіріспе сабақта студенттер техника қауіпсіздігімен танысады (қолдарын қояды), жұмыс топтарын құрады және жұмысты жүргізу кестесі жасалады.
Келесі сабақтарға студенттер өздігімен дайындалады. Жұмыстың теориялық бөлімінде негізгі формулалар, анықтамалар, және жұмыста қарастырылатын физикалық шамалардың негізгі өлшемдері міндетті түрде болуы керек. “Тәжірибе деректері” бөлімінде өлшеу нәтижесін енгізетін кестелер болуы керек. Оларды өңдеу және қателіктерді есептеу тәсілдері кіріспе сабақта айтылады. Қосымша мәліметтерді /13/-і әдебиеттен алуға болады. Әр бір жұмыс соңында тәжірибеде алынған нәтиженің қорытындысы болу керек. Студент жұмысқа, әдістемеде келтірілген, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға дайын және конспекттері болғанда ғана жіберіледі.
Сұрақнама Жұмысты нәтижелі орындауға қажет сұрақтар әдістемелік нұсқауларда толығырақ келтірілген. Олар мына түрде болуы мүмкін.
Кирхгоф ережелерін қолданып, есептеуге арналған негізгі теңдікті қорытып шығару.
Тәжірибедегі потенциометр мен реостаттың ролі қандай.
Уинстон көпірін сипаттаушы математикалық теңдеулерге талдау жаса.
Жұмыс қателігі реохордтағы қозғалғыш орнына тәуелді ме?
Көпірлер әдісін тағы қайда қолдануға болады.
Айнымалы ток І-дің С, ω, L параметрлерінен тәуелділігі қандай?
Ток амперметрдің жалғану орнына тәуелді болады ма?
R, С, L –тер тізбектеліп жалғанғанда толық кедергі Z-ті графиктік тәсілмен қалай анықтауға болады?
Көп жағдайда Z-тің теориялық және эксперименттік мәндері бір біріне сәйкес келмейді. Бұл Ом заңына қайшы келмейді ме?
Жердің магнит өрісінің вертикаль құраушысын қалай анықтауға болады?
Магнит тілшенің өлшемі мен қателік байланысы қандай.