Лабораториялық сабақтар жоспары


Жұмыстың орындалу әдістемесі



бет9/27
Дата21.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#51557
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар

Жұмыстың орындалу әдістемесі

1. 28-суреттегі схема бойынша электр тізбегі құрылады.


2. а мен b нүктелерінің арасына өлшенетін кедергі қосылады. Реостат арқылы гальванометрдің стрелкасының ауытқуын шкаланың ортасында болатындай етіп реттейді де, көрсетуін жазып алады.
3. Өлшенетін кедергінің орнына кедергілер магазинінен (эталондық) кедергі қосады. Реостаттағы қосылған кедергіні өзгертпей, кедергілер магазинінен қосылатын кедергіні өзгерту арқылы гальванометр стрелкасының ауытқуын әуелгі орнына жеткізеді. Сонда: Rx = Rэт.
4. Омметр құру былай орындалады: шектеуші кедергі, тізбектің ab аралығы қысқаша (Rx=0) тұйықталғанда стрелка шкаланың толық ұзындығына ауытқитындай етіп таңдап алынады. Шкаланың сол жері омметрдің нөлі деп алынады.
5. Кедергілер магазинінен кедергіні біртіндеп арттырып, шка­ланы толық қамтитындай етіп 10-15 нүкте алынады және әрбір нүктеге сәйкес гальванометрдің көрсетуі мен соларға сәйкес кедергінің мәндері жазып алынады. Міне осы гальванометрді омметрге градуирлеу деп атайды.
6. Градуирлеудің нәтижесі графикпен көрсетіледі. Ол үшін абсциссалар өсіне гальванометрдің көрсетуін (бөлік санын), ал ординаталар өсіне осы бөліктерге сәйкес кедергілер магазинінен алынған кедергілерді салады (32-сурет). Өлшеу дәлдігі график бойының әр түрлі аралықтарында бірдей емес. Өлшеу кезінде қандай қате жіберілгенін бағалау үшін шкала бөлігінің жартысына келетін кедергінің шамасын есептеу керек.

32-сурет

7. Заводта жасалған омметрмен кедергіні өлшеу үшін төмендегідей операциялар жүргізіледі: а) Корректор арқылы стрелка «» таңбаға келтіріледі. ә) Өлшеу жүргізілетін «шек» таңдап алынады. Омметрдің үш түрлі шегі бар: б) Калибрленген сымдар «—» таңдап алынған шектің клеммасына қосылады. в) Осы сымдардың екінші ұштары қысқаша тұйықталады да, «қондырғы 0» тұтқасы арқылы стрелка «0»-ге қойылады. г) Содан кейін өткізгіштердің екінші ұштарына өлшенетін кедергі жалғанады. Стрелканың көрсетуі 1,10 немесе 100-ге көбейтіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет