Лабораторная работа №2 практическая работа №1 Қайырбек Бейбіт



бет2/5
Дата14.10.2023
өлшемі200,64 Kb.
#114090
түріЛабораторная работа
1   2   3   4   5
Байланысты:
?айырбек Б 09 ЭМ зерт2 таж1

Электрондық поляризация
Кернеу берген кезде диэлектрикте электр өрісі пайда болады, және атомдарда электрондар өзекке қатысты оң электродқа қарай жылжиды.
Орын ауыстырған атомдар өзектерінің оң зарядталған электрондары серпімді диполь деп аталатын бір-бірімен сабақтас байланысқан электр зарядтарын құрайды. Олардың құрылуы лезде болады (10-15 с). Егер диэлектриктен кернеу алынса олар жоғалып кетеди. Серпімді дипольдардың бұл құрылу процесі электродық поляризация деп аталады.
ε шамасы αэ атомының поляризациясын анықтайтын диэлектриктегі атомдардың (молекулалардың) шоғырлануына және олардың құрылымына тәуелді, және мына теңдеумен сипатталады: ε = 1 + nαэ,
мұндағы ε – диэлектрлік өтімділік; n – диэлектриктегі бөлшектердің шоғырлануы (атомдардың, молекулалардың); αэ – молекула немесе атомның құрылымымен анықталатын электрондық поляризация.
Егер диэлектрик кристалл болса, онда ε аморфты диэлектрикке қарағанда көбірек, себебі атомдар мен молекулалардың ораушы тығыздығы кристалдық күйде көбірек болады.
Таза электрондық поляризацияланған заттың диэлектрлік өтімділігі жарықтың сыну көрсеткішінің n квадратына тең.
ε = n2.
Электрондық орбиталардың деформациясы температураға тәуелді емес, электрондық поляризация, демек, диэлектрлік өтімділік ε диэлектриктің температурасы ұлғайған сайын азаяды, себебі оның көлемі ұлғаяды және бірлік көлемдегі бөлшектер саны азаяды.
Иондық поляризация
(немесе иондық поляризацияның жылжуы).
Поляризация серпімді байланысқан иондардың жылжуымен шартталған. Иондық құрылымы бар қатты денелер үшін тән, яғни кристалдық диэлектриктер үшін. Кристалдық тордың түйіндерінде орналасқан әрбір иондық кристалл оң және теріс иондардан тұрады. Кернеу берген кезде электрлік күштер әсер ете бастайды, және иондар жылжиды: оң иондар – бір бағытта, теріс иондар – қарама қарсы бағытта. Иондардың әрбір жұбы серпімді диполь құрайды. Иондық поляризацияның айқындау уақыты 10-13 с. Поляризациондық жылжу процесімен қатар электрондық поляризация ағады. Бұл процестердің кристалдық диэлектриктегі интенсивтілігі үлкен, сондықтан ε = 7 ÷ 12 үлкен және жоғары.
Электрондық және иондық поляризациялар серпімді поляризацияға жатады. Бұдан ары қарастырылатын қалғандары релаксациялық поляризацияның түрлі әсерлері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет