Ладживерт яинджылык Мәдениет Министрлігі Баспасы Сертификат №1206-34-00356 Батыс классикалық әдебиеті -21



бет13/17
Дата07.01.2022
өлшемі183,54 Kb.
#16891
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Отбасындағы бала тәрбиесі

Снелман мен достары Финляндияның халқын рухани ояту үшін жас ұрпақты тәрбиелеуге бар күш – жігерлерін сарқа жұмсады. Жастар мәселесі Снелманның ең жақсы көріп, ерекше көңіл бөлетін тақырыбы еді.


Снелман кейде жастарға ренжіп, ашуланғанымен, үлкендер жастарға кінә арта қалған жағдайда үнемі жастарды жақтайтын. Ол үлкендерге қарата:
«Кінә жастарда емес, сіздерде! Сіздер жастарды қалай тәрбиелесеңіздер, олар солай өсіп - жетіледі. Олардың әрбір іс-әрекеті - (жағымды –жағымсыз) сіздердің берген тәрбиелеріңіздің нәтижесі. Жастарға қандай тәрбие бердіңіздер? » -деп, олардың өздерін тығырыққа тірейтін.
Аналар күнделікті ыдыс-аяқ пен балаларының кір-қоңын жуып, тазалық жасап, ас әзірлеуден қолдары тимей, әкелер болса, сауда - саттықпен, фабриканың жұмыстарымен шұғылданатын. Олар жұмыстан қолдары қалт ете қалса, түннің бір уағына дейін шәйханалар мен түнгі клубтарда карта ойнап, балаларының тәрбиесін соңғы кезекке қалдыратын.
Олар үшін туған балаларының тәрбиесімен айналысу зеріктіретін іс тәрізді болып көрінетін. Балаларымен оңаша отырып сөйлеспейді, олардың не нәрсемен айналысып жүргенінен бейхабар. Бар білгендері, өздерінің көңілдері қалаған сәтте балаларының басынан сипап, оларға тәтті мен ойыншықтар алып беріп:

«Ал, енді бір шетте дыбыстарыңды шығармай, үлкендердің мазасын алмай, ойнаңдар» -дейтін.

Басқаша айтқанда: «Не істесеңдер оны істеңдер, әйтеуір біздің басымызды ауыртпаңдар» - дегені.

Өңделмеген егіс алқабының құнарсыз болатыны сияқты, толыққанды тәрбие мен мейірімге бөленбеген баланың да өсе келе рухани сана-сезімі кемелдікке жете алмай, адамзатқа да пайдасы шамалы болады.
Отбасында сирек те болса, жақсылық, әдемілік, сүйспеншілік сияқты тақырыптар сөз болғанымен, мейірімге бөленбей өскен балалар болашақта қоғамнан өз орнын таба алмай, қиналады. Көбінесе ата-аналар туған балаларының рухына азық болар мейірімге толы сөздерді айтуда сараңдық танытып жатады. Олардың күнделікті қайталай беретін жаттанды сөздері болса, балаларының рухына әсер етуден қалған.

Шынтуайтында, толыққанды отбасы мен көкелері, тәтелері, нағашылары сияқты жақын туыстары болса да, тәрбиелері қадағалаусыз қалған бала рухани жетімдікке ұшырайды. Көбінесе отбасы үлкендері балаларына ішіп-жемі мен киім кешегін қамтамассыз етсек, сол да жетер деп ойлап, балалардың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдырады.

Мұндай мейірімге қанбай өскен балалардың ержеткенде жаман әдеттерге тез бой ұрулары таң қаларлық жайт емес. Ол аздай, ес біліп, етек жия бастаған кезде отбасында түрлі кикілжіңдерге куә болады.

Үлкен қалалар мен аудан орталықтарында жас жеткіншектердің істеген бұзақылық әрекеттеріне куә болған үлкендер: «Бұл не масқара? Мына жүгермектер бізге күн көрсетпейтін болды ғой» -деп зар қағады.

Құрметті ата-аналар! Бір сәтке ар-ождандарыңызға есеп беріңіздер. Бұл бұзақылар қайдан шықты? Олардың отбасыларында жақсы тәрбие алып, өнегелі адам болып шығуы үшін қандай жағдай жасадыңыздар?!

Үлкендер балаларға: «Өтірік айтпа, адамдарды алдау күнә болады» - деп, өздері бір-бірін алдап күн кешеді. Яғни, олардың сөздері мен істері қабыспай жатады.

Балалар ондай өтірікті тез аңғарады. Алғашқыда ата-анасының неге бұлай өтірікке жол беретінін түсіне алмай, дал болады. Кейіннен мұндай жағдай бірнеше рет қайталанғанын көрген соң, ата-анасының сөзі мен ісі әрдайым сәйкес келе бермейтініне көздері жетеді. Осылайша, ержеткен кезде бала мен ата-аналарының арасында сенімсіздік пайда болады да, ата-аналарының айтқанына құлақ аспайтын болады.

Ата-аналар болса, туған балаларына сөзі өтпей, дымдары құрып, шарасыз хәлге түседі. Өздерінің мұндай хәлге түсулеріне кінәліні басқа жақтан іздейді. Шын мәнінде мұндай жағдайдың орын алуына бір кездері өздері үлес қосқанын ойламайды да.

Балаларды ұрысып, жазалаумен тәртіпке бағындырам деу бос әурешілік. Олардың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін азамат болып шыққанын қаласаңыздар, айтқан сөздеріңіз бен істеріңіз қабысатын болсын.

Кейбір ата-аналар отбасында киген киімдеріне, аяқ-қолдарының тазалықтарына мән бермейді. Балаларының көзінше жыртық, кір киімдермен қалай болса, солай жүре береді. Тіпті кейбірі балалардың көзінше ұрсып, жанжалдасып, ауыздарына келгенді айтады. Бір-біріне құрметпен қарау дегенді ұмытқан. Ол аздай, анасы балаларына:

«Көрдіңдер ме, сендердің әкелерің қандай оңбаған адам екенін» -десе, әкесі де қалыспай: « Сендердің шешелеріңнің түрі мынау!»- деп, бір-бірін жерден алып, жерге салады.

Балалардың көзінше басқаларды ғайбаттап немесе өз пайдаларын көздеп, қызметте жоғарылау үшін т.б кімдерге қанша сыйлық жасау керек деген сынды тақырыптағы әңгімелерді айтпау керек.

Отбасында осы сынды жайттарға куә болып өскен балаңыздан он бес, жиырма жылдан соң мақтан тұтарлық азамат шықпаса, түк те таң қалмаңыз. Бір сөзбен айтқанда « Ұяда не көрсе, ұшқанды соны іледі» Осыны әрдайым естен шығармаңыздар!

Ата –аналар ойланыңыздар, сіздер балаларыңыздың тәрбиесімен бірге болашақта самғап ұшар қанатын қомдап, баптадыңыздар ма? Әлде керісінше, олардың қанатын түбінен өз қолдарыңызбен қырқып тастадыңыздар ма?

Балалары есейген сайын әрбір ата-ана олардың болашағынан үлкен үміт, өмірінен тек жақсылықтар күтеді. Ұлдарының жоғары білімді инженер, дәрігер немесе заң қызметкері болғанын қалайды. Қыздары бай, ауқатты жерге келін болып, қайғысыз-қамсыз өмір сүрсе деп тілейді. Олар балаларының бақытты болуының кілті - жоғары қызметтің тізгінін ұстау немесе бай жерге келін болуда деп есептеп, сол мақсатқа жетудің түрлі жолдарын қарастырады. Осылайша ата-ана балаларының болашақта рахат өмір сүрулері үшін ең дұрыс шешімді қабылдадық деп ойлайды.

Лев Толстой бұл жайында былай дейді:



«Өмірдегі келеңсіздіктердің ең басты себептерінің бірі мынау: Әрбір адам материалды және рухани тұрғыда қайғысыз-қамсыз өмір сүргісі келеді, бірақ, өкінішке орай, оған қол жеткізу үшін еңбек ету керектігін естен шығарып жатады.»

Кім де болса, саналы ғұмырында жақсылықтарға кенелсем деп ойлайды, бірақ өзі басқаға жақсылық жасау керектігін ұмытады. Кейбірі жағымпаздықпен өзі аңсаған байлыққа, жақсылыққа қол жеткізем деп ойлайды. Осындай оймен әркімге бір жағымпазданып, жалтақтаумен өмірдің соңына қалай келгенін білмей қалады.

Ондай ата-анасы болған бала да өскенде соны қайталайды. Олардың бойында ашкөздік, тойымсыздық, қолда барына қанағат етпеу сынды қасиеттер көрініс табады. Мұндай қасиеттерді балалардың бойына сіңірген кім? Әрине ата-анасы!

Бұндай жастар өздерінен басқа ешкімге сенбейтін, өзімшіл болып өседі. Олардың бойында Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімі де көрініс табуы екіталай. Өзге түгілі өз туғандарына да қайыры жоқ қатыгез жандар осындай жастардан шығады.

Не ексең, соны орасың! Егер жастардың рухани тәрбиесін дәнді дақыл себілмеген егістік сияқты өз еркіне қалдыратын болсаңыз, болашақта ол жерде жеміс орнына тікен өсіп шығары сөзсіз.

Ата-аналардың балаларының жүрегін жақсылыққа құштар етіп тәрбиелеудің орнына, оларды өз еріктеріне қалдыруы ешқандай ақылға сыймайтын, ар-ождан алдында да кешірілмейтін жайт. Тіпті бұл - балалардың болашағына жасалған қиянат. Десек те, балаларымыздың дұрыс тәрбие алуы тек ата-анамен шектелмеу керек. Мұндай маңызды мәселе мемлекеттік деңгейде қолдау тауып отыруы қажет.

Заң шығарушы органдар ондаған заң шығарғанымен, халық қалаулылары сайлау кезінде халыққа қалағанынша уәде бергенімен, үйдегі балаларымыз дұрыс тәрбие алмай, үлкен өмірге өз білгендерімен қадам басатын болса, парламент пен барлық жоғары мекемелердің ешбір проблемасы ешқашан дұрыс шешімін таппайды, қабылданған заңның да еш пайдасы болмайды. Себебі, тәрбиелері солқылдақ жас мамандар болашақта саясатта да солқылдақтық танытатын болады. Мектептер жастарымызға білім берудің орнына олардың ой-санасын, жүрегін жасандылыққа баулитын болады. Баспасөз қызметі болса, көшеге шығып тәнін саудалаған жезөкшелерді еске түсіретін болады. «Аш бала тоқ баламен ойнамайдының» кері келіп, қарапайым халық ұлттың элитасы саналатын жоғарғы санат өкілдеріне жек көріп, жиіркенішпен қарайтын болады.

Біздің жас мемлекетіміз сіздерден болашақта мұндай нәтижені күтпейді. Финландияның болашағы жарқын болады. Еліміздің әрбір азаматының қарыны тоқ, көйлегі көк өз өмірлеріне риза болып ғұмыр кешетін болады. Ол үшін осы бастан отбасылық өміріміз бен ұлтымыздың өмірін айырылмас бір бүтін деп санап, сол жолда күресе білуіміз керек».

Снелман мен достары ауыл-аймақтар мен қалаларда осыған ұқсас жүздеген жиындар жасап, халықты жақсылыққа үндеді. Мұндай жүректен шыққан жалынды сөздерді тыңдаған ата-аналар балалары мен жастардың тәрбиесіне жіті мән беріп, олардың алдындағы ата-аналық парзыдарын барынша орындауға тырысып бақты. Олар көптеген жерде ата-аналар қауымдастығын құрып, үлгерімі мен тәрбиесі нашар балаларға қамқорлық көрсетіп, көмек қолдарын созды. Тәжірибелі педгогтар мен психологтарды шақырып, бірлесіп балалардың проблемаларын екі жақтап шешуге жұмыла кірісті. Бала тәрбиесіне осыншалықты жауапкершілікпен қараған соң, көп ұзамай-ақ, ата-аналардың еңбегі нәтижесін беріп, көптеген мәселелер шешіле бастады.

Финляндияға аты шыққан тәжірибелі педагогтер мен психологтар туған өлкелерінің түпкір-түпкірін аралап, бала тәрбиесіне қатысты семинарлар беріп, халықтың сауатын ашты. Олар бұқара халыққа баланың жан дүниесінің ерекшеліктері мен нәзік тұстарын түсіндіріп, олармен тіл табысудың жолдарын көрсетті.

Осындай жанкештілердің арқасында, әрбір Фин отбасы жылдар бойғы ұйқысынан оянып, ұлттық рухтары сілкініп, дамудың жаңа әрі жарқын жолына бет алды.

Олардың бұл әрекеттері құтты бағбанның егіннің бітік шығуы үшін бақшаны баптаудың жолын көрсеткені сынды, барша халыққа пайдалы болды.

Мейірім мен сүйіспеншілікке бөленген бақша ағаштарының берері мол, берекесі көл-көсір болары даусыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет