Жұмыстың орындалуреті. Тәжірибе жүргізу үшін 7,5 г ұнтақталған екі кристаллогидрат өлшемін алады. Біріншісін кристаллогидраттың еру жылуын анықтау үшін пайдаланады, ал екіншісін фарфорлы ыдысқа салып, сусыз тұз ұнтағы пайда болғанша (көк түсі жоғалады), от жалынында қыздырады.
Сусыз тұзды алдын ала өлшенген пробиркаға салып, тез резиналы тығынмен жабады. Суыған соң пробирканы өлшейді. CuSO4 еріту үшін 300 г, ал CuSO45H2O – 297г. су алады. Сусыз тұздың ИНТН0(Т)1 және кристаллогидраттың ИНТН0(Т)2 еру жылуларын анықтау 1- жұмыс әдісіне сәйкес келеді.
Зертханалықжұмыс№3. Бейтараптау жылуын анықтау
Жұмыс мақсаты: Натрий гидроксидінің (күйдіргіш натрий) тұз (хлорлы сутек) қышқылымен бейтараптау жылуын анықтау.
Құралдар мен ыдыстар: Калориметр, Бекман термометрі, пробиркалар, көлемі 400 см3 стакан.
Реактивтер: 0,15н натрий гидрооксиді, 5н тұз қышқылы.
Бейтараптану жылуы деп, 1 моль күшті қышқыл 1 моль күшті негізбен әрекеттескенде бөлінген жылу мөлшерін айтады. Бейтараптау процесін иондық түрде келесідей теңдеумен жазуға болады:
Н3О+ + ОН‾= 2 Н2О
Теңдеуге сәйкес кез келген күшті қышқылды күшті негізбен бейтараптағанда сұйытылған ертінділерде 298,15 К кезінде — 4,40·106
Дж/кмоль тең тұрақты жылу
Н0 Т байқалу керек.
Жұмыстыңорындалуреті. Бейтараптау жылуын анықтау үшін калориметрлік стаканға 10 (сур.2.1) шамамен 400 см3 0,15 н NaOH ертіндісін құяды. Сілті ертіндісінің нақты мөлшерін (±1г) бос және толтырылған стакан 4 салмағының айырымы бойынша анықтайды.
Сілтіні 5 н НС1 ертіндісімен бейтараптайды. Қышқылды (~10 см3) пипеткамен арнайы ампулаға құяды. Қышқылдың нақты салмағын (+0,01 г) бос және толтырылған ампула салмағының айырымы бойынша анықтайды. Ампуланы калориметр қақпағына 3 орнатады (сур. 2.1).
Калориметр тұрақтысын K анықтаған соң, 10 рет «алдын ала кезең» температурасын өлшейді. Қақпақтағы ампуланы 8 қолмен басып жібергенде, стакан 4 түбінде сынады. «Негізгі кезең» 1 - 3 минутқа созылады. Кейін 10 рет «қорытынды кезең» температурасын өлшейді. Графиктен температура өзгерісін t анықтап, теңдеу бойынша қышқылды негізбен бейтараптау кезінде бөлінген жылу мөлшерін есептейді.