Конгруэнтті және инконгруэнтті балқымалы химиялық қосылыстары бар жүйелер
Егер ликвидус қисығы диаграммасында сұйық құрамы қатты химиялық қосылыстар құрамына сәйкес келіп максимум түзгендегі балқуды конгруэнтті (лат. сәйкес келетін)деп атайды.
Сурет 4.3. Конгруэнтті балқитын химиялық қосылыстары бар жүйе күйінің диаграммасы
Диаграмма күйі екі диаграмма күйінің байланысын А – АВ және АВ – В көрсетеді. Химиялық қосылыстың түзілуіне таза химиялық қосылыстың балқу температурасын Тс (2 фаза) сипаттайтын максимум сай келеді.
С = 1 – 2 + 1 = 0 (жүйе инвариантты)
Е1ТсЕ2 қисығы химиялық қосылыстардың кристалдануының басталуының құрамнан Т тәуелділігін көрсетеді.ТА Е1 ТС Е2 ТВ – ликвидус сызығы. Диаграммада екі эвтектикалық нүкте Е1 және Е2 әрқайсысы үш фазалық инвариантты күйді көрсетеді. Солидус сызығынан төмен температурада СД және КМ жүйе қатты күйде болады.
С= 2 – 2 + 1 = 1 (жүйе моновариантты)
Егер екі компонентті жүйе күйіндегі диаграммада А және В компоненттері АВ ыдырау арқылы балқитын қосылыс қосылыс түзсе мұндай балқу инконгруэнтті деп аталады.
.
Сурет 4.4. Инконгруэнтті балқитын химиялық қосылыстың жүйе күйінің диаграммасы.
Тс – АВ инконгруэнтті балқитын химиялық қосылыс, мұнда үш фаза тепе- теңдікте тұрады: балқыма, АВ және В кристалдары.
с = 3 – 3 = 0 (жүйе инвариантты).
§ 4.5. Үш компонентті жүйелер
Үш компонентті жүйелердің құрамы үшбұрышты жазық диаграммада бейнеленеді. Тең қабырғалы үшбұрыштың төбелері А,В,С таза заттарына сәйкес келеді. Төбелерін қосатын қабырғаларына үшбұрыштың төбелеріне қарасты орналасқан заттардан түзілген екі компонентті жүйенің құрамын қояды. Үшбұрыштың ішінде орналасқан барлық нүктелер үшкомпонентті жүйенің құрамын көрсетеді. Жүйедегі әр компоненттің проценттік мөлшері берілген нүкте сәйкес төбеге жақын орналасқан сайын көп болады.
Үш компонентті жүйелердің құрамын анықтаудың екі әдісі бар. Гиббс ұсынған әдісте 100% үшін (немесе 1 үшін) дұрыс үшбұрыштың биіктігі алынады. Бұл әдіс үшбұрыш ішінің кез-келген нүктесінен (мысалы, Р нүктесі сурет 4.5) түсірген перпендикуляр ұзындығының қосындысы осы үшбұрыш биіктігіне тең болатын тең қабырғалы үшбұрыштың қасиетіне негізделген.
Р нүктесіндегі әр компоненттің проценттік мөлшері таза компонентке сәйкес келетін төбеге қарама қарсы осы нүктеден үшбұрыш қабырғасына түсірілген перпендикуляр ұзындығымен анықталады. 4.5-суретте Ра бөлік сызығы А компонентінің проценттік мөлшеріне сәйкес келеді, Рb – B-ның проценттік мөлшеріне, Рс – С-ның проценттік мөлшеріне сәйкес келеді. Розебом әдісі үшін 100% үшін (немесе 1 үшін) дұрыс үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы алынады. р (pa+pb+pc) нүктесінен үшбұрыш
қабырғаларына параллель жүргізілген бөлік сызықтар қосындысы үшбұрыш қабырғаларына тең – дұрыс қабырғалы үшбұрыштың басқа қасиеті.
Сурет 4. 5. Үштік жүйелер құрамын бейнелеуге арналған үшбұрыш.
А компонентінің құрамы pa бөлік сызығының ұзындығына тең, С компонентінің құрамы – pc бөлік сызығының ұзындығына тең, В компонентінің құрамы – pb бөлік сызығының ұзындығына тең.Екі әдіс те бірдей нәтиже береді, өйткені тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғалары мен төбелері бір біріне пропорционал.
Егер үш компоненттен екі В және С бір біріне шектеулі еритін болса, ал 3-компонент А оларда шексіз ерісе, онда оны көбейту алғашқы В және С компоненттерінің гомогенді жүйе түзгенге дейін өзара ерігіштігін арттырады. Компоненттердің өзара ерігіштігі Тарасенкова ережесі бойынша анықталуы мүмкін. Осы ережеге сай, екі бірдей қабатты құрамдарды а1в1, а2в2, а3в3, а4в4 қосатын сызықтар (4.6-сурет) олардың соңында бір нүктеде қиылысады. Ол мына теңдеумен өрнектеледі:
а2 с1 а1с2 К а2 а1
мұнда а1 , а2
- A затының В және С ерітіндісіндегі концентрациясы;
Сурет 4. 6. Сұйық үштік жүйедегі ерігіштіктің құрамға тәуелділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |