§ 5.4 Идеалды және реалды ерітінділердің парциалды қысымы
Егер бинарлы (екі компоненттен тұратын) ерітіндінің компоненттері ұшқыш болса, онда ерітінді үстіндегі буда екі компонент болады (булардағы компоненттердің салыстырмалы мөлшері, әдетте, олардың ерітіндідегі құрамынан басқа болады – буда салыстырмалы түрде компоненттер көп болады, қайнау температурасы төмен болады). Бір- бірінде шексіз еритін А және В компоненттерінен тұратын бинарлы қосылысты қарастырайық. Раульдың бірінші заңына сай будың жалпы қысымы:
Сондықтан, идеалды бинарлы ерітінділер үшін В компонентінің мольдік үлесімен бейнеленген ерітінді құрамынан қаныққан будың жалпы және парциалды қысымы кез-келген концентрацияда сызықты болады. (сур.5.1). Мұндай жүйелерге, мысалы, бензол – толуол, гексан – гептан, изомерлі көмірсутектердің қоспалары жатады.
Реалды ерітінділер үшін берілген тәуелділіктер қисық сызықты болып келеді.Егер берілген компоненттің молекулалары басқа компоненттің молекулаларына қарағанда, бір-бірімен күштірек әрекеттессе, онда қоспа үстіндегі булардың парциалды қысымы Раульдың бірінші заңына сай
Сурет 5.1. Идеалды ертіндінің парциалды және жалпы бу қысымының концентрациядан тәуелділігі
Сур. 5.2 Идеалды (үзікті сызық) және реалды (үзіксіз сызық) бинарлы ертінділердің парциалды және жалпы бу қысымдарының Рауль заңының оң (сол жағында) және теріс (оң жағында) ауытқулары кезіндегі құрамнан тәуелділігі.