ҚҰлажанов қ. С., Таусарова б. Р


§ 5.7 Сұйылтылған ерітінділердің осмостық қысымы



бет50/118
Дата07.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#72359
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   118
    Бұл бет үшін навигация:
  • Осмос
§ 5.7 Сұйылтылған ерітінділердің осмостық қысымы
Егер әр түрлі концентрациясы бар екі ерітіндіні еріткіш молекулаларын өткізетін, бірақ еріген заттың бөлшектерінің өтуіне кедергі жасайтын жартылай өткізгіш қалқа арқылы бөлсе, еріткіштің мембрана арқылы аз концентрациялы ерітіндіден көп концентрациялыға өздігінен өту құбылысы – осмос байқалады. Ерітіндінің осмостық қасиеті сандық жағынан осмостық қысыммен сипатталады. Ерітінді мен таза еріткішті бөліп тұратын мембрана арқылы еріткіштің ерітіндіге өтуін болдырмау үшін, ерітіндіге қажетті қосатын қысымды осмостық қысым π деп атайды.
Осмос қысымы дегеніміз жартылай мембрана арқылы еріткіштің молекулаларының өтуін мәжбүрлейтін аудан бірлігіндегі күшті айтады. Идеалды ерітінділердің осмостық қысымы ерітіндінің температурасы мен молярлық концентрациясына тәуелді және Вант-Гофф теңдеуімен есептеледі:

  cRT
(5.14)

Сұйылтылған ерітінділердің осмостық қысымы тұрақты температурада еріген заттың концентрациясына тура пропорционал.


Мұнда  – осмос қысымы, Па
c ерітіндінің молярлық концентрациясы, моль/л
R – универсал газ тұрақтысы,
T абсолюттік температура, Т, К.

Қорытындылай келе, Рауль заңымен еріген заттың ерітінді қасиетіне әсеріне қатысты 4 құбылыс байланысты:



  • еріткіштің қаныққан бу қысымының төмендеуі;

  • ерітіндінің қату температурасының төмендеуі;

  • қайнау температурыһасының жоғарылауы;

  • осмос қысымының болуы.

Бұл құбылыстардың барлығын ерітінділердің коллигативті қасиеттері деп аталатын топқа біріктіреді. Коллигативтілік берілген қасиеттің айқындылығы көлем бірлігінде еріген заттың бөлшек санынан тәуелді және олардың табиғатына тәуелсіз екенін білдіреді. Бірақ бұл пайымдау тек идеал ерітінділерге қатысты болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет