Латын графикасы және қазақ жазуы



бет3/7
Дата24.11.2022
өлшемі44,12 Kb.
#52451
1   2   3   4   5   6   7
3. Ғалымдар пікірлері

«... қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық»




ҚР Тұңғыш Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында облыстық «Сарыарқа самалы» газеті дөңгелек үстел шарасын ұйымдастырып, аймақтағы айтары бар азаматтардың басын қосты.
Аталмыш шараға Қазақстан Жазушылар Одағының Павлодар облыстық филиалының директоры, белгілі ақын Арман Қани, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Сағындықұлы, филология ғылымдарының кандидаты, пофессор Айман Зейнулина, филология ғылымының кандидаты, ИнЕУ-дің әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректоры Владимир Шнайдер, Павлодар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрам Нұғыманов, Бұқар жырау атындағы облыстық мәдениет және өнер музейінің ғылыми қызметкері Ербол Қайыров, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы Майя Исақаева және басылымның бас редакторы Нұрбол Жайықбаев қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, дөңгелек үстел отырысына өңірдегі белсенді жастар мен студенттер шақырылды.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ:
- Ел газеті «Егемен Қазақстанда» Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Онда көтерілген көкейтесті мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу. Естеріңізде болса, бұл жөнінде 2012 жылы Елбасының халыққа Жолдауында да қозғалған болатын. Ендігі кезекте Президентіміз латын әліпбиіне көшудің нақты жолдарын айтып, осы мәселе зиялы қауым арасында кеңінен талқылануы қажет екенін алға тартты. Сондықтан, күн тақырыбында өткір тұрған, бүгінде қоғамда қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты ой қозғау үшін ғалымдарды, көпті көрген көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды арнайы шақырып отырмыз. Қандай ұсыныс-пікір айтасыздар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет