Лау дағдылары



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#127412
  1   2   3   4
Байланысты:
БЖБ каз яз 5 сынып 1 т


«Киім. Сән. Талғам.», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану
Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру
Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу
Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

Білім алушы
 Мәтіннің стилін ажыратады
 Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады  Хат жазудың талаптарын ұстанады
 Оқылым мәтіні бойынша негізгі ақпаратты анықтап, жинақы (қысқа) мәтін жазады

Білу және түсіну Қолдану

15-20 минут




2-тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз.

Сол күні қазақтың ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Көркіне ақылы сай қаракөз қыздарымыздың барлығы да жеңістен үмітті. Алайда, елдің ең сұлу аруы атану үшін бойжеткендерімізге жеңіл болған жоқ. Байқауға қатысушыларға қойылған талаптар өте жоғары болды. Бұл сайыста арулар сұлу әрі көрікті ғана емес, сондай-ақ ана тілін құрметтейтін, тарихын, салт-дәстүрін білетін, әдебиет пен мәдениеттен хабары болуы шарт.


Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Мұнда бойжеткендер шығармашылық және зияткерлік белсенділіктерін көрсетті. Сынға түскен аруларымыз сондай-ақ, қазақ эстрада жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би билеп, өнерлерін паш етті. Арулардың өнерін белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей, отандық опера примасы Нұржамал Үсенбаева, ақын Айнұр Тұрсынбаева, байқаудың продюсері Баян Есентаева, театр және кино актері Ғани Құлжановтар бағалады.
«Қазақ аруы» байқауының бас жүлдесі 20 жасар маңғыстаулық Гүлназ Жолановаға бұйырды. Ару тәжін Гүлназға байқаудың былтырғы жеңімпазы Әйгерім Қанатбаева табыстады.

( http://lite.bnews.kz/kk/photonews/post/10189/ 133 сөз) Жоспар


Кіріспе бөлім ____________________________ Негізгі бөлім ____________________________ Қорытынды бөлім ________________________



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет