3-тапсырма
Сізге досыңыздан хат келді делік. Хатқа жауап жазыңыз (40-45 сөз). Сәлем, Бақытжан!
Хал қалай? Өзім жақсымын. Отбасым аман-есен. Мен өз фирмамды ашқым келеді. Онда шаштараз, сән салоны болады деп ойлаймын. Барлық қағаздарды дайындап жатырмын.
Сенен бір көмек керек. Фирмамды қалай атауды білмей тұрмын.
8
4-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып шығып, тест сұрақтарына жауап беріңіз.
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.
15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.
(http://infourok.ru/otbasi-turali-303275.html (82 сөз)
1. Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз. A. Отан - отбасынан басталады
B. Келешектің өлшемі C. Отбасы күні
D. Қоғамның діңгегі
2. Мәтіннің негізгі ойы қандай? A. Отбасы - шағын мемлекет. B. Отан отбасынан басталады.
C. Қоғам назарын отбасына аудару. D. Тату болу, ынтымақтастықта болу.
3. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз.
A. отбасы, Отан, бала, болашақ
B. отбасы күні, елдің дамуы, отбасының аман-саулығы C. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, бекітілді, отбасы мерекесі D. сүйіспеншілік, зиялы қоғам, халықаралық
4. Еліміздің келешегінің өлшемі не?
A. отбасы күні
B. жанұяның береке-бірлігі C. елдің дамуы
D. отбасының аман саулығы
5. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген нақыл сөзді қалай түсінесіз?
А. Отан отбасынан басталады.
В. Бала отбасынан тәрбие алады. С. Отбасы - шағын мемлекет.
D. Отбасы - қоғамның діңгегі.
|
1
|
мәтін мазмұны бойынша шағын жоспар құрады;
|
1
|
Хат жазудың талаптарын ұстанады
|
2
|
хатқа тән белгілерді сақтайды (40-45 сөз);
|
1
|
мазмұнын тақырыпқа сай, қызықты, әсерлі жазады;
|
1
|
хат құрылымын сақтайды;
|
1
|
қажетті бейнелеуіш құралдарды орынды қолданады;
|
1
|
хатты сауатты, талапқа сай жазады;
|
1
|
Оқылым мәтіні бойынша негізгі ақпаратты анықтап, жинақы (қысқа) мәтін жазады
|
3
|
мәтіндегі ақпаратқа сәйкес нұсқаны дұрыс белгілейді.
|
3
|
|
|
|
9
|
Достарыңызбен бөлісу: |