«Д.Рақышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қыздар жиналысының хаттамасы № 1 2022 жылғы «06» қыркүйек
Сынып жетекшісі: Алтынбекова Л.К.
Хатшы: Нұршат Н.
Қ а т ы с қ а н д а р: Сынып жетекшісі
2. Қыздар төрайымы
3. Сынып қыздары - 6
К ү н т ә р т і б і Қаралатын мәселелер:
«Қыз қылығымен көрікті» баяндама
Қыз балалардың мектептегі тәртібі жайлы
Т ы ң д а л д ы:Сынып жетекшісі Алтынбекова Ләззат «Қыз қылығымен көрікті» атты баяндама оқыды. Баяндамада қыздардың әрбір іс-қимылы, жүріс-тұрысының сынға алынып отыратындығын ескеріп инабатты, ибалы қыз болуларына шақырды. Баяндамада қыздардың тәрбиесі отбасының айнасы екендігі айтылып өтті. Сынып жетекшісі қыз балалардың мектептегі тәртібі жайлы айтты. Қыздардың мұғалімдермен этикалық қарым-қатынасты бұзбауларын, тәртіпті болуға шақырды. Қыздар өздерін кез-келген ортада әдепті ұстауы керектігін айтты.
Сөйлегендер:1. Әсет Фариза баяндаманың өте пайдалы, әсерлі екендігін айта отырып, қазіргі кезде Корей еліне еліктеудің әсерінен қыздардың мектептен тыс қысқа белдемше киюі жайлы айтты. Қысқа белдемше кию дұрыс емес екендігін айтып, басқа елге еліктемеулеріне кеңес берді.
Т ы ң д а л д ы: Сынып жетекшісі 2022-2023 оқу жылына арналған «Әдемі» қыздар тобының жылдық жоспарымен таныстырды. Топ мүшелері тақырыптарды талқылап, сынып жетекшімен бірлесе отырып бекітті. Сынып жетекші жоспар бойынша әр тапсырманы уақытымен, кешіктірмей орындауларын, міндеттері мен ережелерді дұрыс сақтауын талап етті.
Сөйлегендер: 2. Қыздар төрайымы Қалиасқар Айерке өзінің қыздарды үнемі бақылауда ұстайтынын, қыздардың тәртіптібұзбауға, жеке бас тазалықтарын сақтап, жақсы оқуға шақырды.
Қаулы етеді:
Сынып қыздарының мектеп формасын сақтау, сабақтан қалмауы, жеке бас гигиенасын қадағалау қыздар ұйымының төрайымы Қалиасқар Айеркеге жүктелсін.
2. Сабаққа дайындықпен, уақытында келуі қыздарға жүктелсін.
3. Осы қаулыны арықарай бақылау сынып жетекшісі Алтынбекова Ләззатқа жүктелсін.