«Д.Рақышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ұлдар жиналысының хаттамасы № 1 2022 жылғы «05» қыркүйек
Сынып жетекшісі: Алтынбекова Л.К.
Хатшы: Тоқтасынов Н.
Қ а т ы с қ а н д а р: Сынып жетекшісі
2. Ұлдар төрайымы
3. Сынып ұлдары - 11
К ү н т ә р т і б і Қаралатын мәселелер:
«Әдептен озбайық» баяндама
Жылдық жоспарды бекіту
Т ы ң д а л д ы: Сынып жетекшісі Алтынбекова Ләззат «Әдептен озбайық» баяндама оқыды. Баяндамада ұл балалардың әдебі жайлы. Мектептегі мұғалімдерді сыйлау, үлкендерді құрметтеу, ата-анамен жақсы қарым-қатынас жайлы, көпшілікте өзін-өзі ұстау жайлы баяндалды. Сынып жетекші ұл балаларға мектептің ішкі тәртібін түсіндіре отырып, мектеп ережелерін сақтауға, оқушы мәдениетімен таныстырып өтті. Қазіргі жасөспірімдік өтпелі кезеңнің уақытша екендігін, әркім өз ісіне өзі ғана жауапты екендігін айтты. Сыныптағы қыздарды сыйлауға, оларға жаман әдет, жаман қылық көрсетпеулерін ескертті.
Сөйлегендер:1. Нұрғазы Серғазы қазіргі мінез-құлықтарының өзгерістеріне ұшырап жатқандығын айтып, баяндамадағы көптеген кеңестерге құлақ асып, достарын әдепті болуға шақырды. Мектеп ережелерін сақтап, басты назарды сабаққа бұру керек екендігін, биыл алда емтихан бар екендігін айтып, достарын байсалды, ұқыпты, үлгілі оқушы болуға шақырды.
Т ы ң д а л д ы: Сынып жетекшісі 2022-2023 оқу жылына арналған «Жігер» ұлдар тобының жылдық жоспарымен таныстырды. Топ мүшелері тақырыптарды талқылап, сынып жетекшімен бірлесе отырып бекітті. Сынып жетекші жоспар бойынша әр тапсырманы уақытымен, кешіктірмей орындауларын, міндеттері мен ережелерді дұрыс сақтауын талап етті.
Сөйлегендер: Ұлдар төрайымы Шаймолда Шәмші өзінің ұлдарды үнемі бақылауда ұстайтынын, қыздардың тәртіптібұзбауға, жеке бас тазалықтарын сақтап, жақсы оқуға шақырды.
Қаулы етеді:
1. Сынып ұлдарының мектеп формасын сақтау, сабақтан қалмауы, жеке бас гигиенасын қадағалау ұлдар ұйымының төрайымы Шаймолда Шәмшіге жүктелсін.
2. Осы қаулыны арықарай бақылау сынып жетекшісі Алтынбекова Ләззатқа жүктелсін.