Learning Apps бағдарламасын қалыптастырушы бағалау құралы ретінде пайдалану Қазыбекова С.Қ., Жасталап К. А



бет3/4
Дата07.11.2022
өлшемі20,92 Kb.
#47967
түріБағдарламасы
1   2   3   4
LearningApps құралдары.
LearningApps құралдары әртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді: викторина, сұрыптау, топтастыру, жіктеу, мәтінді енгізу, кроссворд, уақытша таспа және т.б.
Осы қосымшалардың бірін таңдау сабақ барысында мақсаттарға жету мен білімді игерту көзделеді. Мен осы қосымшаларды сабақтың білімді тиянақтау, топтық және жұптық, жаңа материалды игерту, үй жұмысын тексеру кезеңдерінде көптеп қолдануға болады деп есептеймін. 
Кей жағдайларда өз қосымшаңызды құрастырмас бұрын, басқа да әріптестер құрастырған қосымшаларды қарап шығуға кеңес беремін. Себебі әріптестер жариялаған немесе құрған қосымшаларды қарай отырып, өзің құруға талпынған қосымшаға жаңа идеялар алуға, сапалы қосымшалар табуға болады. Дайын қосымшаларды пайдалану кейде уақытты үнемдеуге де тиімді болуы мүмкін.
Сервис мәтіндік ақпаратпен ғана емес сонымен қатар графикалық, аудио, видео ақпараттарменде жұмыстанудың көптеген таңдауларын ұсынады.
Өзіңізге ұнайтын жаттығуларды таңдап, оны ашып, деректеріңізді енгізу үшін «Создать подобное приложение» функциясын қолдануға болады.
Әр қосымшаны құрудың алдында мысалдар категориясынан дайын өнімнің қалай жасалғандығында көре аласыз.
LearningApps сервисін пайдалану арқылы кері байланысты ұйымдастыру.
Сіз дайындап ұсынған тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өздерінің теориялық білімдерін бірнеше рет тексеруге, білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, тапсырмаларды дұрыс орындауға қол жеткізеді, осылай олардың өз білімдерін өзін – өзі бағалауы артады.
Оқушылардың топпен немесе жұппен жұмыс жасаулары олардың өз білімдерін салыстыруға, өзара көмек көрсетуге, өздерінің қабілеттерін өзге оқушылармен салыстыра отырып бағалауға мүмкіндік туады.
Осылайша оқушылар берілген тақырып немесе бөлім бойынша тапсырмаларды меңгерудегі өз жетістіктері туралы кері байланыс алады және қаншалықты жақсы түсінгендігін біледі.
Кері байланыс алған оқушылар өздерінің білімін және оқуға деген ынта-жігерін арттыру үшін өз алдына мақсаттар қояды деп есептеймін.
Мұғалімде LearningApps сервисін пайдалана отырып кері байланыс алуға мүмкіндік алады. Ол үшін Сіз серверге тіркелген болуыңыз керек және өзіңіздің виртуалды кабинетіңізді құрып, онда сынып пен оқушылар тізімін құру қажет. Сыныптар тізімін жасағанда сервер оқушыларға арналған логин мен құпия сөздерді автоматты түрде береді. Серверге тіркелген оқушылар өз аудиториясына логин мен құпия сөзін енгізу арқылы кіріп, мұғалім ұсынған тапсырмаларды орындай алады.
«Статистика» батырмасын шерту арқылы мұғалім өзі ұсынған тапсырмаларды кімдер орындады немесе орындаған жоқ және тапсырманы орындау барысында қандай кедергілер болды осы жөнінде мәліметтерді бақылай алады.
Берілген тапсырмалардың нәтижесін қарай отырып, қай оқушыларға көмектесу керектігін, қандай тақырыпты жеткілікті түрде дұрыс бермегендігін көре алады. Осы кеткен кемшіліктерді жою үшін қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы қайта жұмыстануға тура келеді.
LearningApps сервисінің тағы бір мүмкіншілігі бұл пайдаланушылармен жеке хабарлама алмасу. Бұл мүмкіндік Сізге оқушылар белгілі себептермен сабаққа қатыспағанда немесе сырқаттанып қалған жағдайда көмектеседі. Сіз оларға әртүрлі тапсырмаларды қарауды хабарлама арқылы жеке жазасыз. Осылайша, барлық оқушылар қол жетімді түрде білім алуға, олардың мүмкіндіктерін бағалауға және білім деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет