Қалыптастырушы бағалаудың әдістері Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.
Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.
Олардың әрқайсысы көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін тиісті құралдарды қолдануды талап етеді.
Солардың бірі оқушылардың өз бетінше жұмыстануына және өз жетістігін бағалауға негізделген LearningApps сервисі.
LearningApps сервисі оқушылардың оқуын өз бетінше дамыту және қамтамасыз ету үшін көп мүмкіндіктерге ие және оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс бере алатын негізгі құрал болып табылады.
LearningApps сервисі туралы. LearningApps - бұл әр түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін қолдау үшін арналған сервис деп есептеймін.
LearningApps сервисінің алғашқы парақшасы. Сервердің ерекшелігі, пайдаланушылар жасаған барлық тапсырмалар галереяда жиналған және жалпыға қол жетімді болып табылады.
Іздестіруге оңай болу үшін барлық интерактивті тапсырмалар санат бойынша топтастырылған (пәндер бойынша).
Категория бойынша таңдаудан басқа, қиындығына қарай да топтастырылған тапсырмаларды таңдап алуға мүмкіндік бар.
Дайын тапсырмаларды серверге тіркелмегендер де пайдалануға мүмкіндігі бар.
Жеке материалдарды жасау және сақтау қарапайым тіркеуден өткен соң ғана мүмкін болады.
Сонымен қатар, өз материалдарын жасай отырып, пайдаланушы оларды жеке қолдану және жалпы пайдалану үшін сақтай алады.