Қорытынды Интерактивтік тапсырмаларды орындаған кезде оқушылардың ақпаратты қабылдау мен есте сақтауы, есте сақтау дағдысының артуы, зейіні мен эмоционалдық қасиеттері қарқынды дамитындығы, назарының тұрақталатындығы, қорыта білуі, жіктеу қабілеттері артады деп есептеймін.
Оқушылар LearningApps сервисімен жұмыс жасағанды ұнатады, барлық тапсырмаларды уақытылы орындайды, олардың толық орындалуына қол жеткізеді деп есептеймін.
Тапсырмаларды орындау барысында олардың қиындықтарын талқылап, талдап, бағалайды. Берілген тапсырмаларды орындауда білімнің жоғары деңгейіне жетуге деген келесі қадамдарын құра алады. Бір – бірінен көмек сұрайды және көмектеседі.
Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін артыруда LearningApps сервисі шын мәнінде қалыптастыруша бағалау құралы болып табылады.
Келешекте оқушылардың білімін арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жетілдіру мен сервистің басқа да мүмкіндіктерін пайдалану үшін өз білімімді де жетілдіруді көздеймін.